«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: ПРОКУРАТУРА ПОЛИЦИЯНЫҢ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРЫН ТЕКСЕРУДІ... ПОЛИЦИЯҒА ТАПСЫРҒАН!
Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, Ақтаудағы сот процесінде куәларды сұрау аяқталып, бүгін, 3-мамыр күні өткен 26-шы сот отырысында бейнематериалдар қаралған.
Судья Нағашыбаев Аралбай кеше процеске келмеген сотталушы Тәженов Әнуарбектен: «Сіз қайда жүрсіз?» - деп сұраған.
Тәженов: Халық емшісіне қаралу үшін үйге кеткем. Мені кешіруіңізді өтінем, бұл жағдай екіншілей қайталанбайды.
Судья: Сізге бәрі түсіндірілген болатын, сіз Ақтаудан ешқайда кетпеуге тиіс едіңіз. Сіз неге өзіңізді бірінші сыныптың оқушысы тәрізді ұстайсыз?
Сотталушылардың бірі: Құрметті судья, кешіріңіз оны!
Судья: Отырыңыз, Тәженов, мәселені ашық қалдырамын, шешім кейінірек шығарылады.
Сотталушы Дүйсенбаев: Құрметті судья, мен қару қолданған полицейлер үстінен жүріп жатқан сотта көрсетулер бергім келеді.
Судья: Оны мен шешпеймін. Егер сондағы судья шақырса, барасыз.
(Кейін белгілі болғаны, кеше сағат 16-да 37 сотталушының алтауы аталған сотта жәбірленушілер ретінде көрсетулер берген).
Одан әрі судья адвокат Жуаспаеваның кешегі талап-тілегіне қатысты тараптардың пікірін сұраған.
Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, Ақтаудағы сот процесінде куәларды сұрау аяқталып, бүгін, 3-мамыр күні өткен 26-шы сот отырысында бейнематериалдар қаралған.
Судья Нағашыбаев Аралбай кеше процеске келмеген сотталушы Тәженов Әнуарбектен: «Сіз қайда жүрсіз?» - деп сұраған.
Тәженов: Халық емшісіне қаралу үшін үйге кеткем. Мені кешіруіңізді өтінем, бұл жағдай екіншілей қайталанбайды.
Судья: Сізге бәрі түсіндірілген болатын, сіз Ақтаудан ешқайда кетпеуге тиіс едіңіз. Сіз неге өзіңізді бірінші сыныптың оқушысы тәрізді ұстайсыз?
Сотталушылардың бірі: Құрметті судья, кешіріңіз оны!
Судья: Отырыңыз, Тәженов, мәселені ашық қалдырамын, шешім кейінірек шығарылады.
Сотталушы Дүйсенбаев: Құрметті судья, мен қару қолданған полицейлер үстінен жүріп жатқан сотта көрсетулер бергім келеді.
Судья: Оны мен шешпеймін. Егер сондағы судья шақырса, барасыз.
(Кейін белгілі болғаны, кеше сағат 16-да 37 сотталушының алтауы аталған сотта жәбірленушілер ретінде көрсетулер берген).
Одан әрі судья адвокат Жуаспаеваның кешегі талап-тілегіне қатысты тараптардың пікірін сұраған.
Адвокат Батиева: Менің пікірімше, әріптесім Жуаспаева берген материалдар менің қорғаумдағыларға зиян тигізуі мүмкін, сондықтан оның талап-тілегін қанағаттандыруға қарсымын.
Адвокат Жәменов: Менің пікірімше де ол материалдар менің қорғауымдағыларға теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан мен де қарсымын.
Сотталушылар: Соттаың қарауына қалдырамыз.
Прокурорлар: Біз талап-тілекті қанағаттандыруға қарсымыз, өйткені Роза Төлетаева журналистер мен құқық қорғаушылармен қарым-қатынастары үшін айыпталып отырған жоқ.
Судья: «Қаскүнем» сөзіне орай талап-тілекті ашық қалдырамын, бұл мәселені ерте көтерген деп есептеймін. Ал шетелдіктер жөнінде айтарым - кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екенін олар шешпейді. Біз тәуелсіз елде тұрып жатырмыз.
Адвокат Батиева: Құрметті судья, істің бейнематериалдарын зерттеуге көшуді ұсынамын. Куәлар түгел дерлік сұралды, созып не қыламыз.
Судья: Тараптар пікірі?
Барлығы келісім білдірген.
Судья: Егер бәрі келіссе, бейнематериалдарды зерттеуге ауысамыз. Мүмкін болғандардың барлығын сұрадық, түрлі себептермен сұралмағандарды мүмкіндік тууына орай сұрайтын боламыз. Әлі сұралмаған жәбірленушілер мен куәлар бар екенін білесіздер.
Адвокат Сәрсембина: Құрметті судья, біз сотталушы Аманжолов Жігердің жағынан қосымша куә шақырған едік, бірақ ол мұнда келуге қорқады.
Судья: Енді біз не істей аламыз? Ол сіздің куә.
Адвокат Жуаспаева: Бірнеше күн бұрын Жанар Сақтағанова, Наталья Әжіғалиеваларды куәлар ретінде сотқа шақыру туралы талап-тілек жасаған едік.
Судья: Жақсы, біз оларды шақырамыз.
Адвокат Әлібиев: Сотталушы Әбдірахманов Есенгелдінің қосымша құжаттарын (медициналық карта, дәрігерлік қорытынды) іске қосуды және қосымша куә Жайлыханованы тыңдауды өтінемін.
Судья: Жақсы, шақырыңыз.
Куәнің антын оқу жөніндегі ұсынысқа Жайлыханова: «Оқи білмеймін», - деп жауап берген.
Адвокат Әлібиев: Сіз Ерлан Жайлыхановтың анасысыз ба?
Жайлыханова: Ия.
Әлібиев: Сотқа білетініңізді айтып беріңіз.
Жайлыханова: 18-желтоқсан күні түнде ұлымды полицияға алып кетті. Бұл оның бірінші ұсталуы. Мен полицияға барып, оны алып шықтым. Одан соң араға бірнеше күннен салып тағы да ұстаған. Жұмысынан алып кеткен. Ол котельныйда істейтін. Бірақ ұлым өзін полицияға алып кетіп жүргенін маған айтпаған.
Әлібиев: Соңғы кезде оны полицияға алып кетті ме?
Жайлыханова: Білмеймін, қазір ұлымның қайда екені белгісіз. Біздің үйдің алдында үнемі (2-3 күн болды) учаскелік полицей кезекшілік етеді. «Неге тұрсың?», - деп сұрасам: «Басшылық бұйырды», - дейді. Полиция бастығы Досаханов Аман мені қорқытты, егер ұлыңды тауып бермесең, өзіңді кінәлайды деп. Тіпті мені жауып тастаймын деп қорқытты. Он күндей болды, үнемі қорқытады.
Әлібиев: Сіз Ермұқанов Ертайдың анасын білесіз бе?
Жайлыханова: Білмеймін.
Әлібиев: Сіздің ұлыңызды не үшін алып кетіп жүр?
Жайлыханова: Білмеймін, ол айтқан жоқ.
Әлібиев: Сіздің ұлыңызға қатысты ҚПК-ның 100-бабы бойынша қорғау шаралары қолданылғанын және оның лақап атпен көрсетулер бергенін сіз білесіз бе?
Жайлыханова: Жоқ.
Әлібиев: Сіздің ұлыңыз қазір қайда?
Жайлыханова: Білмеймін.
Әлібиев: Құрметті судья, куә Жайлыхановқа полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатқаны жөнінде мен бұған дейін айтқан болатынмын, шешім қабылдауыңызды өтінемін.
Судья: Қандай шешім?
Әлібиев: Оның көрсетулерінің шындыққа жатпайтындығы жөнінде.
Судья: Мен айттым ғой, бұл мәселе ашық қалдырылды деп.
Одан соң судья бейнематериалдар көрсетуге нұсқау берген.
Барлығы 18 диск, 50 ролик көрсетілген. Олар түгел бұған дейін интернетте шыққан. Бейнежазбаларды қарау нәтижесінде жасауға болатын қорытынды: ереуілшілер жаппай тәртіпсіздіктерді дайындамаған, барлығы бейберекет болған. Онда полицияның ереуілшілер мен сахна алдынан өткен колонна арасында тұрғандығы көрінген. Және тіпті колонна өтіп кеткен соң да ереуілшілерді концерт болып жатқан сахнаға қарай өткізбеген.
Полицейлердің жедел (оперативтік) бейнежазбалары, әкімдік пен ӨМГ-дегі бақылау камераларының жазбалары, екі-үш беймәлім ғимараттардың бейнежазбалары көрсетілген. Бейнетаспаларда түсіру уақыттары көрсетілмеген. Бірнеше рет ірі планда: «Заң қайда? Әділет қайда?» - деп айқайлаған сотталушы Мұратбай Жұмағалиевті көрсеткен. Сол кадрларда полицейлердің оны бірнеше рет итермелегені көрінген. Басқа кадрларда да полицейлер ереуілшілерді еш негізсіз итеріп, жұлмалап, киімдерінен жұлқыған. Ереуілшілер арасынан полицейлерге саусағын көрсеткен сотталушы Қосбармақов көзге түскен. Және бір бейтаныс адамның полицейді арқасынан нұқығаны байқалған.
Бейнежазбаларды қарағаннан соң прокурор Дүзелбаев сотталушылардың ұрып-соғулар, азаптаулар жөніндегі арыздары бойынша қылмыстық істер қозғауға негіздер таппағандығы туралы облыстық прокуратураның хабарламасын жариялаған.
Адвокаттар өздеріне хабарламаның көшірмесін беруді өтінген.
Прокурорлар Ешмановты тағы да, енді куә ретінде, сотқа шақыруды, және Бөпіловты Ешмановтың үйі жанында көрген адамқа қатысты ҚПК-ның 100-бабы бойынша қорғау шараларын қолдануды өтінген.
Адвокат Таскынбаев: «Бұлайша кез-келген адамды, тіпті мені де соттап жіберуге болады!» - деп, 100-бапты қолдануға қарсы болған.
Судья: Жақсы, мұны түстен кейін талқылаймыз.
Түскі үзілістен кейін 40-қа жуық бейнефайл «айналдырылған». Оның ішінде 7 файл - К+ телеарнасының жазбалары: жаңалықтардан, «Власть», «Без комментариев» бағдарламаларынан үзінділер және т.б. Залдағылар оларды толық көрсетуді өтінген екен, бірақ судья тек ішінара көрсетуді бұйырған. Бейнежазбаларды көрсетуші судьяның ассистенті прокурорлар үстелінің басында отырып, кейде шығып кеткен, сол кездерде файлдарды прокуратура қызметкері «айналдырған».
Кейбір файлдар ашылмаған, бейнероликтер жылдам «айналдырылған», кейде судьяның өзі солай етуді өтініп отырған.
Жарылғасынов пен Досмағамбетов туралы «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» титры бар бейнекадрлар топтамасы мен Бесмағамбетов, Жұмағалиев, Дүйсенбаев, Ерғазев, Қосбармақов туралы «Жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысушылар» титры бар бейнекадрлар топтамасын көрсеткен.
Кезек сотталушылардың телефон арқылы сөйлесулері тыңшылықпен жазылып алынған дискілерге келгенде судья: «Мұның барлығын тыңдау қажеттілігі бар ма? Бұл сөйлесулердің мәтіндері іс материалдарында бар», - деген. Процестің тараптары да оларды тыңдауды қажет көрмеген.
Дискілердің бірінде сотталушы оралман Қайрат Әділовтың үйінде жүргізілген тінтудің жазбасы болған, сонда оның әкесінің: «Жат жерде мұндай азап көрмеп едік!» - деп, нали сөйлеген сөздері өзіне назар аударған.
Сондай-ақ, «жәбірленуші» полицейлердің көрсетулері жазылған бейнетаспада олардың кейбірі: «Белгісіз біреулер бізге шолақ мылтық пен қолдан құрастырылған пистолеттерден оқ атты», - деген, алайда, түске дейін полицейлердің өздері түсірген бейнежазбаларда олар «бізге оқ атылды» деп көрсеткен жерлерде не шолақ мылтық ұстаған адамдар көрінбеген, не атыс дыбысы естілмеген. Оның үстіне, сол сәтте автоматпен қаруланған полицейлер тобының, сөз жоқ, әлгіндей «атқыштар» шынымен-ақ ұшыраса қалған жағдайда оларды оп-оңай жойып жіберетіндігі айқын болған.
Біздің комитет мүшелері үзіліс кезінде адвокаттардан сотталушылардың ұрып-соғулар, азаптаулар жөніндегі арыздары бойынша қылмыстық істер қозғауға негіздер таппағандығы туралы облыстық прокуратура хабарламасының көшірмесін алып, танысқан соң, мынадай жағдайларға назар аударған:
1. Судья Нағашыбаев ұрып-соғу, азаптаулар жөніндегі аталмыш арыздарды облыстық прокуратураға жіберген, ал облыс прокуратурасы ол арыздарды облыстық ІІД-не, яғни, полицейлер тарапынан орын алған ұрып-соғу, азаптаулар жөніндегі фактілерді тексеру ісін... полицейлердің өздеріне жіберумен шектеліп, өз атынан ешқандай ресми жауап бермеген.
2. Сондықтан сот процесіндегі мемлекеттік айыптау тарабының өкілі прокурор Дүзелбаев сотқа прокуратураның жауабын емес, бар болғаны прокуратураның әлгіндей тапсыруына сәйкес полиция майоры Н.Әжібаев құрастырған қаулыны ғана оқып берген.
3. Ал ол қаулы бұрынғы бір қаулыдан көшіріліп алынуы да ғажап емес, өйткені мұнда ұрып-соғу, азаптаулар жөнінде арызданғандардың барлығы... «айыпталушылар» аталған, ал олардың қазіргі статусы «сотталушылар» екені белгілі.
4. Роза Төлетаева өзінің тергеу кезінде жұлынған бір түп шашын сақтап қалғандығы туралы сотқа мәлімдеген, бұл жөнінде Әжібаевтың қаулысында да айтылған, бірақ оған байланысты ешқандай сараптама жүргізілмеген.
5. Сотталушы Досмағамбетов өзінің тергеу кезінде ұрып-соғу жөнінде прокуратураға арыз бергендігін 12-сәуір күнгі сот отырысында мәлімдеген, алайда қаулыда бұл жөнінде ештеңе айтылмаған.
Сонымен, тергеу кезеңінен бастау алып, прокуратура арқылы «зырғып» өткен заңсыздықтар дүрмегі сот барысында одан әрі қарқынды түрде «дамып», «творчестволықпен» жалғасуда...
Жасарал Қуанышәлин,
Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің
ақпараттық топ жетекшісі.
Алматы қаласы,
2012 жылдың 03-мамыры
«Абай-ақпарат»