Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2825 0 пікір 4 Мамыр, 2012 сағат 07:28

Сырым Дат. Аттестацияның астары

Қазақ елінде мамандар мен қызметкерлерді аттестациялау науқаны үдей түсті. Бұрын ауық-ауық мемлекеттік қызметшілер өтіп тұратын, бірақ өтті дегені болмаса, жылына қырық құрау жамалатын заңдардың бірқатарын жаттағансып, паралатып өте шығатын. Өткенінің өзі не үшін екені белгісіз, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтің жақсарған сықпыты байқалмай-ақ қойған.

Бұған мұғалімдерді аттестациялау, дауагерлерді (дәріге қатыстырмай, ақ халаттыларды осылай абзалдаған жөн болар - медиктер) аттестациялау деген науқан қыза түсті. Енді келіп, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің Жарлығына сәйкес, барлық құқық қорғау органдарының жеке (осыны «жанды» деген дұрыс болар еді) құрамынан 110 мыңға жуық адам аттестаттаудан өтпек. Сынақ үш кезеңге бөлініп, жылдың аяғында қортындысы шығарылатыны жөнінде ереже де бекітіліпті. Бұл аттестаттаудың түпкі мақсаты не? Құқық қорғау органдарын кадрлық тұрғыда тазалау ма, әлде мүдделі кландардың күштеу құрылымдарына ықпалын арттыру ма? Ол жағы астыртын жайт.

Біздің айтқымыз келіп отырғаны - осының қаншалықты тиімді екенін пайымдау. Шын мәнінде қолдарында күректей дипломдары бар мамандарды ауық-ауық тексеру - мемлекеттің маман даярлау мен оны іріктейтін өз жүйесіне деген сенімсіздігінен шығады. Жарайды, бірқатар кездейсоқ «көксоққандарды» шығарудың жөні осы дейік, бірақ олар сүзгіден төгілетін су секілді ешқашан көзге түскен емес. Олар қашан да жолын тауып, талай сүзгіден өтіп келеді. Оның үстіне біздің елдегі қызмет ету жүйесі аса мұқият қалыптасып, дамыған коррупциялық, парақорлық жүйенің салдары екені белгілі. Оны мамандардың заң білетіндігімен немесе білмейтіндігімен тазарту, біліктерін биіктету әсте мүмкін емес,тіпті, еріккеннің ермегі дерлік күлкілі оқиға.

Мәселен, мұғалімдерді атестациялайтын білім саласының «шенеушілері» (шенеунік дегеннен гөрі, қазақы сөз ғой) өздері лайықтап алған парақорлық жүйемен істерін «тап-тұйнақтай» етіп отырғаны жасырын емес. Осылайша, «әтештатсиадан» өткізудің шамамен ұстаз үшін құны бір айлықтың о жақ-бұ жағы. Медиктер туралы да солай айтсақ, күнаһар болмаймыз. Себебі, тексеретін жоғарғы жақ болса, «жоғарғы жақтың да» жоғарғы жағы бар екені белгілі. Ендеше әлгі қоқаңдаған «әтештатсиа» не үшін, кім үшін? Мемлекеттік қызметтің мәні азайған әрекеттің далбаса көрініс емес пе?

Егер де биліктің ұшар басы аман-есен әділетпен жасақталып, халықтың бақылауында болса - бір сәрі, бірін бірі бақылайтын шенеушілер мен қанаушылар қандай аттестация өткізіп қарық қылмақ? Әлде бұл - салықты да жекешелендірудің бір көрінісі ме?

Кез келген әрекеттің мәні - сол үдерістің шынайы жүруінде екенін ескерсек, біздің елдегі қайбір науқан өзінің шынайылығын көрсеткені есімізде болмай тұр. Әлгі мұғалімдер мен оның басшылары сайлау науқанына қатысып, небір қитұрқы үдерістің кейіпкерлері мен қаһармандарына айналғалы қашан?! Оларды орнынан қозғап, аттестацияның орнына әтештатсиа өткізбеуге кепілдік бар ма?! Сол секілді құқықшыларды ше? Медиктерді де...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371