Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3447 0 пікір 4 Мамыр, 2012 сағат 10:08

Ұрандап кіретін әжетхана

Ақтөбелік тұрғын «Тәуелсіздік - ел бақыты» атты ұран сөз жазылған тақтайшамен әжетханасының бір қабырғасын жауып қойған. Қаланың көне бөлігінде, яғни А.Иманов көшесіндегі бұл олқылықты көріп, жаға ұстап, бет шымшыған жайымыз бар. Жар салып жазбасақ, тұра беретін, әрі-бері өткен қазақты мың өлтіретін сыңайлы.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ша­ғын және орта бизнес өкілдері, дүкендер мен көлік жөндеу орта­лық­тары «Тәуелсіздік - ел бақыты» атты ұранды жиі ілетін еді. Тіпті, қатар тұрған екі кәсіп иесі де осы сөзді таңдап, жазып қоятын болып жүр. Бұл әкім­шіліктен келген тап­сы­рыстың, өтініштің орындалу жолы ғана. Ал мына сөзді қоғамдық көлікте келе жатып, терезеге телмірген әр жолаушы көре алады. Мұндайда «Мұ­нысы несі?» деп ойға қалғанымызбен, көбіміз «сен тимесең, мен тимен» деп жүре береміз. Біздің қалпымыз осы...
А.Иманов көшесінде секунд сайын көлік жүйткіп жатыр. Әжет­ха­насына тәуелсіздіктің ұран сөзін ілген үйдің дәл жанында авто жөндеу ор­талығы бар. Жүргізушілер, ер адамдар мұнда көп жүреді. Сонда бірінің намысы оянып, «Мынауың не?» деп айт­пағаны ма? Мұнысы қалай? Біз неге тәуелсіздік ту­ралы ұран сөздің қадірін қашырып, әр бұрышқа жа­зып, іліп қоямыз осы?!

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373