Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5278 1 пікір 28 Мамыр, 2021 сағат 13:11

Қажымұқанның анасы Кәбираның зираты табылды

Елорданың солтүстік жағында 30 шақырымдай жерде Төңкеріс деген ауыл бар. Осы ауылдың қорымында даңқты балуан Қажымұқан атамыздың әжесі Ақыш (Айсары) жерленген.

Биыл балуан атамыздың туғанына 150 жыл толған даталы мерекесіне байланысты астаналық Мырзабек Күжимов деген азаматтың бастамасымен апамыздың басына белгі тас қоюға бардық. Зират басында бізді байқастап ауыл имамы Кенжебай Садимов жүр екен. Бұл жігіт біздің келген мақсатымызды білген соң:

– Мына зиратта Ақыш әжемізден басқа Қажымұқанның туған анасы Кәбираның да зираты жатыр, - дегені. Біз әрине, таңдандық. Өйткені, осыдан 20 жыл бұрын Ақыш әжеміздің жамбасы тиген жерді көрсеткен Халық қария мен Дайрабайұлы Қуат екеуі аталмыш зиратта Кәбираның жерленгені жайлы айтақанымен дәл мынау деп нұқып тұрып көрсете алмаған-тын.

Содан Кенжебайдың ізімен еріп жүріп, адамзат баласының алыбы, жойқын күш иесі Қажымұқанды дүниеге әкелген апамыздың (Кәбираның) басына барып аят оқыдық. Кенжебайдың айтуына қарағанда, осы ауылда Рахымберді деген адам болыпты.

Руы –қыпшақ. Осы кісінің Кәбира және Сәбира деген екі қызы болған екен. Кәбира Қажымұқанның әкесі Мұңайтпасқа жар болса, Сәбираның күйеуінің аты Сәрсенбай екен. Оның Көкім деген баласы болғаны жайлы білеміз.

Ал Көкімнің ұрпағы мұнда тұрмайды. Яғни, Сәрсенбай мен Мұңайтпас бажа. Ал Сәрсенбайдың әкесі әйгілі Лұқ батыр. Лұқ пен Ернақ аттасқан дос болған...

Жоғарыдағы әңгімеге қаныққан біз Кенжебайға: - Кәбираның зиратын қайдан білесіз, - деп сұрадық.

Ол:

– Менің туған жерім осы Төңкеріс ауылы. Әкелеріміз Қажымұқан әулеті, апасы Ақыш пен туған анасы Кәбираның көзін көрген адамдар еді. Бұл адамдар біздің бала кезімізде «Қажымұқанның анасы Кәбираның зираты мынау, әжесі Ақыштың зираты анау» деп бізге айтып, тапсырып отыратын. Тіпті бала күнімізде үлкен кісілер басына келіп құран бағыштайтын. Өз басым кейінгі жастарға да аманат ретінде айтып жүрмін, - деді.

Р.S. Қажымұқан балуан жайлы жазылған көркем әдеби шығармалардың ішіндегі ең шындыққа жақыны жазушы Қалмақан Әбдіқадыров (1901-1964)  жазған "Қажымұқан" повесі. Осында айтылған  көркем-дерекке сүйенсек, Кәбира жарықтық баласы Мұқанды (Қажымұхан) жарық дүниеге әкеліп, өзі мәңгілікке аттанып кеткен.

Яғни, Қажымұқан 1871 жылы туды десек, анасы да осы жылы 18-19 жасында дүниеден өткен. Демек, Кәбира апамыздыңтуған жылы - 1853 жылдар шамасы.

Бекен Қайратұлының жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320