Сейсенбі, 26 Қараша 2024
5067 4 пікір 31 Мамыр, 2021 сағат 10:45

"Ақ жол" партиясы Алашқа тағзым шарасын өткізді

"Ақ жол партиясы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қарсылығына қарамастан, 31 мамыр күні сағат 8:30-да Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған Алаш шеруіне шықты. Бұған дейін партия өкілдері әкімдікке шеру өткізуге қатысты рұқсат хат жазып, оған рұқсат бермегенін мәлімдеген болатын. 

Елордадағы Сейфуллин-Әуезов көшелері қиылысынан басталған “Ақ жол” партиясының Алаш шеруі үш көше жүріп өтіп, Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш мемориалға келіп, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Зұлмат пен зобалаң құрбандарының әруақтарына дұға бағышталып, құран оқылды.

Ақжолдықтар былтыр бір көше жүріп барып, Саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарына тағзым еткен еді. Енді биыл үш көше жүріп өтті.“Ақ жолдың” Тағзым ету шеруі жыл сайын дәстүрге айналғанындай, АЛЖИР қасірет мемориалында жалғаcпақ.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006