Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
5428 3 пікір 1 Маусым, 2021 сағат 13:42

Мамин: Түркістан облысына 3,6 триллион теңге бөлінеді

Түркістан облысын дамытуға 3,6 триллион теңге бөлінеді. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев бұл ақшаның қалай жұмсалатынын айтты. 

«Кешенді жоспарды іске асырудың 5 жылы ішінде 3,6 трлн теңгеге 142 іс-шара орындалады. Түркістан облысының экономикасы 5 жылда 1,5 есе өседі», — деді А. Мамин.

Атқарылатын жұмыстар ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, туризмді дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету сынды шаралар қамтылған.

Сонымен қатар, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асырылатын болады. Түркістан, Шымкент және Ташкент қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу, Түркістанда жаңа теміржол және авто вокзалдар салу жоспарлануда.

Ал, бөлінетін 3,6 триллион теңгенің 2,7 триллионы - жеке инвестициялар, 530,6 миллиард теңге - республикалық бюджеттен, 348,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған.

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2556
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676