Илон Маск қазақстандық студенттермен кездесуді кейінге қалдырды
SpaceX басшысы Илон Маск қазақстандық студенттермен кездесуді тағы да кейінге қалдырды. Бұл туралы Еуропалық экономика және бизнес жоғары колледжінің негізін қалаушы Талғат Төремұратов мәлімдеді,- хабарлады orda.kz.
Төремұратовтың айтуынша, кездесудің басқа күнге ауыстырылуына Илон Масктің тығыз кестесі себеп болған.
- Илон Масктың жұмыс кестесі өте тығыз адам болғандықтан, біз онлайн-кездесуді күтеміз. Ол жақында ресейлік жастармен кездесті, бірақ оған дейін. менің білуімше, кездесу уақыты сегіз рет өзгерді, - деді Төремұратов.
Бұған дейін Илон Маскпен кездесу күні 1 мамырға, содан кейін 28 мамырға белгіленген болатын.
Abai.kz