Сенбі, 23 Қараша 2024
6302 2 пікір 3 Маусым, 2021 сағат 12:10

Си Цзиньпин: Достар тауып, бірігуіміз керек

Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. 

Президент жуырда Қазақстанға «CoronaVac» вакцинасының алғашқы легінің жеткізілгенін айтып, Қытай тарапына ризашылығын білдірді.

Си Цзиньпин екіжақты стратегиялық әріптестікке және күрделі кезеңде көрсетілген өзара көмекке қатысты Қазақстан Президентінің берген бағасын құптады.

– Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың форматы бірегей сипатта және Қытайдың басқа көрші елдермен қарым-қатынасы мұндай деңгейде емес, – деді Қытай басшысы.

Президент Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөліктер мен теміржол өткізу бекеттерінің жұмыстарын, сондай-ақ, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынастарын тезірек қалыпты жағдайға келтіру қажет екенін айтты. Бұл қадам екі елдің іскер топтары мен жалпы жұртшылығы үшін аса жағымды жаңалық болар еді.

Мемлекет басшысы «Бір белдеу – бір жол» тұжырымдамасының басқа да бағыттарын бірлесіп ілгерілетуде инновациялық, атап айтқанда, қаржы, цифрландыру және «жасыл» технологияларға қатысты шешімдерді іздестіруге шақырды.

Сонымен қатар, екі ел басшылары жаңа дәуір кезеңінде мультилатерализм тұжырымдамасын және «адамзаттың ортақ тағдыры» қоғамдастығын құрудың аса қажет екенін айтты.

Және, ҚХР басшысының Қазақстанға мемлекеттік сапармен келу мерзімін дипломатиялық жолдар арқылы келісу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Си Цзиньпин Компартия өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде "достарымыздың қатарын кеңейтуіміз керек" деп мәлімдеген.

Си Цзиньпин партияластарын Қытайдың "сенім ұялататын, жағымды және құрметке ие" образын қалыптастыруға шақырған.

ВВС сайтына пікір білдірген сарапшылар "бұл Қытайдың дипломатиялық саясатының өзгертуге деген ниеті болуы мүмкін" дейді.

Си Цзиньпин бұл мәлімдемесін Батыс елдері мен Қытайдың арасы суып кеткен тұста жасады. Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Қытай Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамап жатыр және Гонконгте демократияны қолдайтындарға қысым жасады деп айыптайды.

Қытай басшысы 31 мамырда партияластарының алдында "Достар тауып, бірігуіміз керек және халықаралық пікір алмасу кезінде достарымыздың қатарын үнемі арттырып отырған жөн" деген.

Бұған қоса, Си Цзиньпин Қытай әлем елдерімен қарым-қатынаста "ашық, сенімді әрі байсалды болуы керек" деді.

Айта кетейік, Си Цзиньпин 2012 жылы Қытай басшысы болып бекітіліп, содан бері елді басқарып отыр. Сарапшылар оның билігін авторитаризмге жатқызады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366