Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 5102 4 пікір 4 Маусым, 2021 сағат 14:57

Тоқаев: Ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Рәміздер Күнімен құттықтады. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілген еді. 

Президент Твиттер парақшасына "Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!" деген жазба қалдырды.

Abai.kz

 

4 пікір