Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3270 0 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 13:25

Алматы академиясы онлайн-алаяқтарға қарсы күресетін полицейлер дайындайды

Соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтардың көбейіп кеткені белгілі. Қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кірісті.

Қашықта отырып қарапайым адамдарды қан қақсататын мұндай қылмысқа қарсы күресу үшін Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында мамандар даярлана бастады. Мұндай шешім өткен жылы қабылданған болатын.

Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен күресуге үйретпек.

-Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр. Аталған қылмыспен күрес мамандығына біздер осы саладан тәжірибесі бар кадрларды тартып отырмыз. Оларды дайындауға  басқа да ұйымдар мен мекемелер қатысуда, - дейді Алматы академиясының бастығының орынбасары Жанат Дилбарханова.

Енді онлайн-алаяқтардың еркінсуі басылып, заң алдында жауап беретін күндері де алыс емес деп ойлаймыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364