Сенбі, 23 Қараша 2024
5513 4 пікір 9 Маусым, 2021 сағат 12:53

«Тоқаевпен де, Назарбаевпен де ресми сөйлеспедік»

Беларусь оппозициясының лидері, президенттікке үміткер болған Светлана Тихановская Азаттық тілшісінің Қырғызстанның экс-президентінің Минскіде тұратыны туралы сұрағына жауап берді.

"Беларусьтың өзінде не болып жатқанын айтсақ, көп адамдар мұны ойламайды. Себебі бұған дейін Лукашенконың іс-әрекеттерінің барлығы дұрыс деп қабылданып, ешкім оған қарсы тұрады деп ойлаған емес. Былтыр ғана халық көтеріліп, өздерінің кім екенін көрсетті. Енді ғана бұл мәселе беларустықтардың арасында талқылана бастады", - дейді Тихановская.

Светлана Тихановская 8 маусымда Азаттықтың Прагадағы бас кеңсесінде болып, журналистер сұрақтарына жауап берді.

Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенттері Светлана Тихановскаямен байланысқа шықты ма деген сұраққа, ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен де, Нұрсұлтан Назарбаевпен де ресми сөйлесу болмағанын жеткізді.

2010 жылдың 7 сәуірінде Қырғызстанда 87 адамның өмірі қиылған халық толқуынан кейін Құрманбек Бакиев Беларусь астанасы Минскіге қашып кеткен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387