Әзербайжан мен Түркия Шуша декларациясына қол қойды
15 маусымда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өткен жылы азат етілген Шуша қаласында ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Әзербайжан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы Шуша декларациясына» қол қойылды. Бұл туралы «AZƏRTAC» ақпарат агентігі хабарлады.
Аталған Декларация арқылы тараптар аумақтық тұтастыққа қауіп төнген жағдайда бір-біріне әскери және басқа да қажетті көмектерді көрсету, «Зангезур дәлізін» іске қосу мәселесі, Шушада Түркия Республикасының консулдығын ашу және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейту, саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, мәдениет, білім, спорт, жастар саясаты бағытында бірлескен іс-шаралар атқару бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
Abai.kz