Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1945 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 07:52

Еркебұлан Әлімханұлы. Еуроодақ және сайлаулар

Үстіміздегі жылдың мамыр айының алғашқы жартысы Еуропалық елдер үшін сайлаулармен есте қалатын шығар, өйткені осы жарты айда Франция, Грекия, Сербия, Венгрия сияқты елдерде орталық билік, Ұлыбритания, Италия елдерінде жергілікті билікке сайлаулар жүргізілді. Бұл сайлаулардың нәтижелері қарама-қайшылықтарға толы болып, сарапшылар да қарапайым көпшілік те арты не болар екен деген белгісіздік бір кезеңді бастап берді, яғни, сайлаулардың нәтижесі нақты ешнәрсені анықтап бере алмады. Ендігі жерде сарапшылар екі көзін Еуропаға тігіп алып, қарт құрлықтың саяси элитасы қандай қадам жасайтынын аңдып отыр. Құмалақтарын шашып жіберіп оңды-солды болжамдарын айтып жатқан саяси яки қаржы саласы «балгерлерінің» сөздері бір арнаға тоғыспайды, сан-саққа жүгірткен болжамдардың қайсысының етегінен ұстау керектігін ойлап бас қатырасың. Дегенмен қорытындысы дүдәмәл бұл сайлауларға басқа қырынан қарай отырып жаңа бір циклді немесе өзгерісті аңғарғандай болдық. Мүмкін бұл алдамшы көрініс шығар, бірақ сайлаулардан кейін біздің түйген ой: қарт құрлықта солшылдар қайта күшейе бастады, ал оңшылдар мен солшылдардың арасы қауіпті дәрежеде алшақтап барады.

1980 жылдардан бастап КСРО-ның әлсіреуі, Шығыс Еуропа мемлекеттерінің коммунистік режимнен бас тартуы Батыс Еуропа халқының ұлтшылдық, мемлекетшілдік, консерваторлық көңіл-күйінің әлсіреуіне, ендігі жерде аймақта АҚШ-тан тәуелсіз күшті Еуропаны құру жолында бірігуді қалайтын федералистік, интернационалдық, маргиналдық  және космополиттік сезімінің артуына жол ашты. Осы сезімнің жетегінде жүргендердің билік басына келуі нәтижесінде Маастрихт келісімі жасалып мемлекетүсті ұйым Еуропалық Одақ дүниеге келді (турасы осыған дейінгі бар одақ күшейтілді). Еуропаның интеграциялануы мен ұйымның өкілеттігінің ұдайы кеңеюі халық арасында және билікте «біртұтас Еуропа» тұжырымын жақтаушылардың 90-шы жылдар мен ғасырдың алғашқы жылдарында көп болуы әсер етті. Еуропалық мемлекетшілдердің, ұлтшылдар мен консерваторлардың даусы олардың көлеңкесінде қалып қойды. Бірігу үдерісі толассыз алға жылжумен болған бұл кезеңде Еуропа болашақта АҚШ сияқты федерал мемлекетке айналатынына сенетіндердің саны көп еді.

Алайда «әрбір әрекет қарсы әрекет тудырады» деген заңдылық өзінің дұрыстығын тағы да бір рет дәлелдеді. 1980 жылдарың аяғы мен 1990 жылдардың басында ұлттық мемлекеттен жоғары ұйымның құрылуына қарсы топтар біріге бастады. Олар солшыл-демократ-либерал партиялардың одақ құрып қана қоймай, сонымен бірге мемлекет шекарасын келімсектерге айқара ашқанына наразы еді. Өйткені бұл саясаттың нәтижесінде елде басқа ұлттардың үлесі артып олардың дәстүрі жергілікті халықтың мәдениетіне әсер ете бастады. Еуропаның оңшыл-консерватор халқы бұл үдеріске тепкісін күшейтті. Әйтсе де оны тоқтатар күш қолдарында жоқ еді, себебі билік жоғарыда атап өткен жаһандану мен интернационалдық принципті ұстаушылардың қолында шоғырланғанды. Дегенмен бұлардың қатары жыл өткен сайын арта отырып кез-келген партия санасатындай дәрежеге жетті. Ал негізгі күшке айналуына 2008 жылы басталған қаржы дағдарысы үлкен септігін тигізді. 2008 жылға дейін жолындағысын жайпап, қарсы тұруға тырысқандарды бұзып-жарып кедергісіз дамыған интеграция үдерісіне дағдарыстың соққысы ауыр тиді. Экономикасы тоқырауға ұшыраған Еуроодақ елдері одақтастарына көмек қолын беруді өтінді.

Одақтас мемлекеттерге көмек беру үшін қалтасын қағуға Еуропаның оңшыл бағыттағы халқы көне қоймады, олар көмек қолын созу былай тұрсын, одақтан бөліну керек деген лозунгты алға шығарды. Дағдарыстың әсерінен аяғы тік тұрған, экономикасы мығым елдерге басқа көршілерінен келімсектердің ағуы халықтың ашу-ызасының  көтерілуіне алып келді. Мұндай электораты жоғары елдердің билігі бірден жәрдем мәселесінде қолдарынан келер қайран жоғын айтты, ал оны ескермеген, көмекке қолын созу үшін халқын үнемді болуға шақырған көшбасшылар біртіндеп креслосымен қош айтысты. Осылайша дағдарыстың әлегінен соңғы бір жылда биліктен кеткен Еуроодақ елдерінің оныншы жетекшісі Франция президенті Н. Саркози болды.

Оңшыл, ұлтшыл бағыттағы (федералистік көзқараста болса да) Саркози мырзаның орнына сайланған Франсуа Олланд солшыл бағыттың өкілі саналады. Грекиядағы сайлауда да солшыл партиялардың белсенділігі байқалып отыр. Ұлыбритания мен Италиядағы жергілікті сайлауларда да солшыл, интернационал бағыттағы партиялар басым дауыс алды. Германияда солшыл күштердің беделі өсіп барады. Бұл нені көрсетеді? Бұл Еуропада 2000 жылдардан бастап билікті қолына алған ұлтшыл-консерватор-оңшыл партиялардың орнын  солшыл күштердің алмастыра бастағанын көрсетер бәлкім. Жоғарыда айтып кеткен жаңа бір саяси кезеңнің басталуын көрдік деп біз осы мәселені айтқан болатынбыз.

Мүмкін еуропалықтарда былтыр Норвегияда орын алған жантүршігерлік террактіден кейін қорқыныш пайда болған болар, бұл қорқыныш өз кезегінде солшыл көзқарастағы халықтың, келімсектердің сайлауда белсендірек  болуына әсер еткен шығар. Дегенмен бұл жолы солшылдар да бағдарламасында кезінде өздерінің көзқарасындағы саясаткерлер қолдаған Еуропа интеграция лозунгін жұмсартып, қайта әсіреынтымақтастықты сынап Еуроодаққа қарсылардың да, әсіреұлтшылдықтың қатерлілігін көтеріп толеранттылықты қолдаушылардың да (интернационалдар, жаһандануды жақтаушылар, келімсектер) көңілін таба білді.

Бірақ Еуропа ұлтшылдық бағыттан бас тартты деуге де болмайтынын осы сайлау көрсетіп берді. Әсіреұлтшыл партиялардың даусы аталған елдердің барлығында артқаны байқалады. Францияда Марин Ле Пеннің даусының артуын, Грекияда олардың парламенттен орын алуын, Ұлыбританияда  Еуроодақтан шығуды қалаушы партияның күшеюін сарапшылар осылай бағалайды. Осыған қарап Еуропада әсіреоңшылдар мен солшылдар арасындағы қайшылық ұлғайып бара жатқанын да аңғарамыз. Экономикалық дағдарыстың арты саяси хаос пен белгісіздікке әкелгендігін тиімді пайдалануға тырысқан әсіреұлтшылдардың әзіргі қадамдары өз нәтижесін беріп олардың даусы сонау Гитлер заманынан бергі ең үлкен пайызды көрсетті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522