АҚШ Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр
Джо Байденнің әкімшілігі оппозиция лидері Алексей Навальныйдың улануына, кейін ұсталуына байланысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар салуға дайындалып жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан мәлімдеді.
«Біз бұл іс бойынша тағы бір санкциялар пакетін дайындап жатырмыз» деді Салливан жексенбіде CNN арнасында.
- «Біз Ресейдің зиянды әрекеттеріне қатысты «соққыларды жұмсарта алмайтындығымызды» білдірдік. Ол SolarWinds компаниясына қатысты хакерлік шабуыл, сайлауға араласу немесе Навальныйға қатысты болуы мүмкін», - деп қосты ол.
Салливанның сөзіне қарағанда, АҚШ санкцияларды өзінің «дұрыс мақсатты таңдағанына» сенімді болған кезде салады.
- «Егер бұл орын алса, біз химиялық қаруды қолдануға байланысты жаңа санкциялар енгіземіз», - деп түсіндірді ол.
Ақ үй кеңесшісінің мәлімдемесі Джо Байден мен Владимир Путиннің Женевадағы саммитінен бірнеше күн өткен соң жасалды. Екеуі де кездесуді жалпы позитивті деп сипаттады, бірақ айтарлықтай үлкен жетістіктерге жеткізбеген.
Сондай-ақ, Байден Путинге Навальный түрмеде қайтыс болса, оның салдары туралы ескерткенін айтты.
Abai.kz