Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2857 1 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 11:34

Пашинянның партиясы жеңіске жетті

Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянның «Гражданский договор» партиясы елдегі барлық сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау нәтижелері бойынша парламенттік сайлауда жеңіске жетті.

Армениядағы парламенттік сайлау бір күн бұрын, яғни 20 маусымда өтті, оған 21 партия мен төрт блок қатысты.

Арменияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Пашинянның жақтастары 53,92%, экс-президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы - 21,04% дауыс жинаған.

Дауыстар саны бойынша үшінші орында Арменияның экс-лидері Серж Саргсянның «Честь имею» блогы тұр, ол 5,23% дауыс алды. Парламентке өту үшін оған 7 пайыз жинауы керек болды.

Кәсіпкер Гагик Царукянның «Процветающая Армения» партиясы 3,96% дауысқа ие болды. Бұл саяси партия үшін өту шегі 5% құрайды.

Бұған дейін Пашинян Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Михаил Мишустинге Армения мен армян халқына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірген.

Ал, экс-президент Кочарянның блогы парламенттік сайлаудың нәтижелерін күмәнді деп санайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1113
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2648
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736