Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2082 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 12:25

Қазақстанда соңғы 10 жылда денсаулық сақтау саласына кеткен шығын көлемі 10 есе артты

АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 2010 жылы денсаулық сақтау саласына жұмсалған жалпы шығын Республикалық денсаулық сақтау орталығының алдын ала мәліметтеріне қарағанда 2010 жылы 882,2 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 4,04 пайызын

құрады. Оны «Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық шоттар жүйесін ілгерілету» жобасын жүзеге асырушылар бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазақстанда соңғы 10 жылда денсаулық сақтау саласына кеткен шығын көлемі 10 есеге артты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда еліміздегі денсаулық сақтауға кететін барлық шығынның 41 пайызға жуығы жеке сектордың үлесіне тиесілі. Оның 99 пайызы халықтың қалтасынан шығарылатын болса, тек 1 пайызы  ғана сақтандыру компаниялары есебінен төленеді», - дейді Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық шоттар жүйесін ілгерілету» (ДСҰШ) жобасының жетекшісі Мария Умарова. Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде ДСҰШ негізіндегі мәліметтерді талдаудан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыру бойынша елеулі өзгерістерге бастама берілді. Оны  енгізу денсаулық сақтауға кететін шығындарды нақты мәліметтерге сүйене отырып тиімді түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Оны қолдану денсаулық сақтаудың мемлекет тарапынан белсенді түрде реформаланып жатқан жүйелері үшін ерекше маңызға ие. Мәселен, шығынды жоспарлау кезінде ДСҰШ мәліметтерін есепке алғанда, сақтандыру медицинасына ауысу, емханалар мен ауруханаларды салу жөніндегі мәселелерді шешу барынша тиянақты әрі тиімді болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522