Сенбі, 23 Қараша 2024
3883 2 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 12:21

Украина ТМД-дан шықпақ

Украина ТМД-дан шығуды қаласа ұйымнан шыға алады. Бұл туралы ұйымның Атқарушы комитетінің басшысы Сергей Лебедев мәлімдеді. 

"Украина қазір ұйым аясындағы көптеген іс-шараларға қатыспайды. Форумдарға келмейді, бірқатар келісімдерден де шығып кетті", - деді ол. Украина қазір ТМД-дан толық шыққан жоқ. Бірқатар шараларға қатысуды да жалғастыруда. Алайда 2013 жылдан бастап жарна төлеуді тоқтатқан.

"Жарна төлемеу ұйымнан елді шығарып тастауға негіз болады. Бірақ біз олай еткіміз келмейді. Біз бұл мәселе бойынша ұйымға мүше елдермен сөйлестік, олар шығарып тастауды қаламайды", - деді Лебедев.

Украина билігі ТМД-дан толық шығып кетуді бірнеше мәрте көтерген болатын. Сол мақсатта ұйым аясында қойылған келісімдерден бас тартып жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404