Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3767 0 пікір 16 Мамыр, 2012 сағат 07:22

Жарқынбек Сейтінбетұлы. Ашаршылық туралы ащы шындық әлі ашылған жоқ

Ата-бабаларымыз бұрыннан «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген мақалды ата-мұрасындай сақтап, дүниеден өткен әруақтарына дұға оқытып тұрғанын жастар білмесе де ересектер бәріміз білеміз.Әр істің бір сәті болады дегендей, Қазақстанның басқа өңірлерін білмеймін, бірақ ОҚО бірінші рет 1930-1933 жылғы асаршылық құрбандарына Шымкент қаласындғы  Тәуелсіздік саябағында 11 мамыр күні біраз ұлт жанашырлары жиналып дұға оқыды. Жиында Қазақстанда бір күнді ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгілеуді ҚР президенті мен парламент депутаттарынан сұрап, хат жазылып қол қойылды.  Шымкент қаласынан жер бөлініп ашаршылық құрбандарына арнап ескерткіш тас қойю қала әкімінен сұралатын болды. Созақ көтерілісінің құрбандарына да Созақ ауданында белгі қоюға ұсыныс жасалды.

Ата-бабаларымздың ұрпағына қалдырған мол жер қойнауы байлықтарының қазақтарға бұйырмай жатқаны,  рухани мәдениетіміздің құлдырауы ашаршылық, қуғын-сүргін құрбаны болған әруақтардың реніші ме деген де ой келеді, кейде.

Егемендік алғалы ашаршылық құрбандарына  арнайы бір күнді белгілеп, еске алып дұға бағыштап тұрмағанымызға әзіргі ұрпақ, біз кінәлі екенімізді мойындауымыз керек. Көп салмақ ел ағаларына түседі. Себебі, қазақ тарихтын терең меңгермеген бауырларымыз, ашаршылық туралы ащы шындықты білмейді. Одан қалса, қылышынан қан тамған сыңаржақ кеңестік компартия ашаршылық, қазақ зиялыларының 1937-38 жылғы кінәсіз жазаланып атылғандары туралы мәліметті айтқызбады. Тәуелсіздіктен кейін де Россияның отарлау кезіндегі зардаптарының тарихи ақиқаты кеңінен айтылмай келеді. Ата-бабаларымыздың ашаршылық кезіндегі көрген,  адам төзгісіз қорлықтары туралы тарихи ақиқатты әзіргі ұрпақтың жете білмеуі асаршылық құрбандарына аса көңіл бөлмей келгеніміздің бір себебі ме деймін.

Ата тарихын, рухани құндылығын білмеген, салт-дәстүрін, тілін сақтай алмаған  жұрт,  ұлт төңірегінде бірігіп, бір-біріне қамқор, мейірімді бола алмайтынын көрудеміз. Бір мақаламен ашаршылық туралы ақиқатты жеткізу мүмкін емес. Сонда да болса,   А.Байтұрсыновтың інісінің баласы Самырат Кәкішевтің «Ақаң туралы ақиқат» кітабынан бір-екі тарихи оқиғаларды қысқаша келтіріп өтейін. (Самырат Кәкішев үлкен қызметтер істеп, 1977 жылы Алматыдағы  «Қазақстан» қонақ үйіне директор болып бекітіліп, сол жерден зейнеткерлікке шықты. «Ақаң туралы ақиқат» кітабы 1992 жарық көрді.)

«1930 жылы әкемізді халық жауының туысы деп алып кеткенде,  «халық жауының туысы» деп ешкім қарамай, сөлеспей, көмек беруден қашты. Әкемізбен бірге бар малымызды да алып кеткен. Шешеміз сегіз баласымен аш-жалаңаш қалдық.

Торғай облысындағы Жылыншық пен Ақкөлдің айналасында аштықтан өлген балалардың, үлкен кісілердің санын айта алмайсың. Ашыққан адам аң сияқты болады екен. Қолдарымен өліктің еттерін  жұлып жеп, қу тамағын тойдырғанға мәз болатын.

Халық тамақсыз, киімсіз, малсыз қалып, соның себебінен тамақ іздеп қаңғып кетті. Ауылда аштан өлген адамдардың саны күн сайын көбейе берді. Шешемізбен жолда кетіп бара жатып, өлейін деп әлсіреп жатқан кісілерге бас салған қасқырларды көрдік. Жабайы ит, қасқырлардың өлікті анда-мұнда сүйреп, қандарын ағыза жеп жатқанын көргенде зәреміз ұшатын.

Бізді шешеміз Торғайдағы ағасына алып келді. Торғайға жеткенше шешеміздің сегіз баласынан әпкем екеуміз тірі қалдық. Нағашымыз бізді Торғайдағы балалар коммунасына орналастырды. Коммунада да тамаққа жарымадық. Тамақтан балалардың іші өтіп,  /беретіні бір-екі бидайы бар қара су/ ісініп көп балалар өліп жатты. Өлген балаларды коммунаның подвалына апарып текшелеп жинап қойып, үйіліп қалған соң арбаларға тиеп Торғай қаласының сыртына аштан өлген кісілердің арасына тастайды екен. Коммунада аштықтан әпкемде өліп, бір өзім қалдым....»

Самырат Кәкішев Қостанай қаласындағы балалар үйіне ауыстырғанда да арба-арба өлген балаларды алып кетіп жатқанын көргенін жазады. Жан сақтау үшін басқа елге кеткен бауырларымыз қаншама.

Міне, Торғай өңірі мен Қостанай қаласындағы ашаршылыққа байланысты тарихи ақиқат. Тарихи деректерде аштық құрбандарының саны 2млн.-нан асатыны көрсетіледі. Бұл дегеніңіз, ОҚО халқына тең. Осыдан-ақ, ата-бабаларымыз көрген ашаршылықтың зардаптарын көз алдарыңызға елестете беріңіздер. Сталин мен Голошикиннің қолдан жасаған ашаршылығы болмағанда қаншама миллиондаған қандастармыздың ұрпақтары арамызда жүріп, ата-бабалары аңсаған Тәуелсізікті көрер еді.

«Ұлт тағдыры» ҚБ ОҚОФ төраға орынбасары

Жарқынбек Сейтінбетұлы

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543