Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2373 0 пікір 16 Мамыр, 2012 сағат 12:20

Смағұл Елубай: «Жеті жүз аш қасқыр шопанның өзін жеп қоюы мүмкін»

- Аға, Президентпен кездескеніңіз туралы газеттен көзім шалып, содан өзіңізбен қысқа қайырып, сұхбаттасайын деп хабарласып тұрмын ғой. Газетте Президентпен арадағы әңгімеңізде ашаршылық, көші-қон, жазушылар одағы жайы сөз болыпты. Сол мәселелердің негізгі тұстарын айтып берсеңіз. Біз де сізді қыстамайық.

Ашаршылық тарихына жаңа мұражайдың тұтас бір қабаты беріледі

-  Елбасымен арада қырық бес минутқа созылған жүздесуде, бізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде үлкен әңгіме болды.

Былтырғы жылдың бірінші мамырында  Президенттің қабылдауына өтініш айтқан едім. Ол кісі мені тура бір жылдан кейін қабылдады. Бір жыл ішінде мен кездесуде айтамын деген екі мәселені Президент шешіп те жіберді. Соның бірі - ашаршылық құрбандарын ұлықтау мәселесі еді. Қанша айтқанмен, өткен ғасырдың 1918-1934 жылдары аралығында 4 миллион қазақ қырылды, қалғаны шетел ауып кетті.

Ашаршылық құрбандарына арналып, Елбасының нұсқауымен Астанада 31-нші мамыр күні ескерткіш ашылайын деп жатыр.

- Аға, Президентпен кездескеніңіз туралы газеттен көзім шалып, содан өзіңізбен қысқа қайырып, сұхбаттасайын деп хабарласып тұрмын ғой. Газетте Президентпен арадағы әңгімеңізде ашаршылық, көші-қон, жазушылар одағы жайы сөз болыпты. Сол мәселелердің негізгі тұстарын айтып берсеңіз. Біз де сізді қыстамайық.

Ашаршылық тарихына жаңа мұражайдың тұтас бір қабаты беріледі

-  Елбасымен арада қырық бес минутқа созылған жүздесуде, бізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде үлкен әңгіме болды.

Былтырғы жылдың бірінші мамырында  Президенттің қабылдауына өтініш айтқан едім. Ол кісі мені тура бір жылдан кейін қабылдады. Бір жыл ішінде мен кездесуде айтамын деген екі мәселені Президент шешіп те жіберді. Соның бірі - ашаршылық құрбандарын ұлықтау мәселесі еді. Қанша айтқанмен, өткен ғасырдың 1918-1934 жылдары аралығында 4 миллион қазақ қырылды, қалғаны шетел ауып кетті.

Ашаршылық құрбандарына арналып, Елбасының нұсқауымен Астанада 31-нші мамыр күні ескерткіш ашылайын деп жатыр.

«Биылғы жылы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтуге пәрмен бергеніңізді жұрт ризашылықпен қабылдап жатыр. Ашаршылық тақырыбында мен айтып жүрген бір детал бар еді», дедім. «Ол не?», деп сұрады Елбасы. Сосын мен: «Бұл - халықтың тең жартысы қырылған ұлттық қасірет. Сондықтан болашақта «Холокост» деңгейінде мемориалдық кешен салу - ұлттың парызы. Тым құрығанда биыл іргетасы қаланса», дедім. «Қайда?», деді. «Алматыда», дедім.

Президент: «Мемориал салу көп уақыт алатын шаруа. Биыл Тәуелсіздік сарайының жанынан мұражай салынып жатыр. Соның бір қабатында осы идеяны жүзеге асыра бастау керек болар», деді. Мен былай дедім: « «Холокост» болғанда, мысалы, мемориалдың бір есігінен кіріп, екінші есігінен шыққанда жұрт сонау 1916 жылдан 1986 жылға дейінгі совет заманындағы ашаршылық, репрессия, тоталитарлық режим құрбандарының, яғни, ақтаңдақтардың тарихын көріп шыққандай әсер алып, бейне бір айтылмаған тарихтың куәсі болар еді. Мұның жастар үшін тәрбиелік маңызы зор. Туристер үшін қызықты нәрсе». Ол кісі жалпы бұл идеяны қолдады. Және бір айтқаным: ашаршылықтың қалай басталғанынан бастап, немен аяқталғанға дейінгі аралықтағы әр сәтін балауыз фигуралар арқылы жанды бейне сияқты әсер ететіндей жасап шықса. Бұл ойды да Президент мақұл көрді. Астанада салынып жатқан мұражайдың бір қабатында балауыз фигуралар арқылы ашаршылық тарихын жасауды бастау керек деді. Біз Елбасының миллиондаған ашаршылық құрбандарын ұлықтауға деген ниетіне разы болдық.

Биылдан бастап қазақ жастары баспаналы бола бастамақ

Айтылып, жазылып жүрген мәселелердің бірі - ішкі көші-қон кезінде ауылдан қалаға қоныс аударған қазақ жастарының мәселесі еді. Қалаға келген қазақ жастары қазірдің өзінде миллиондап саналады. Сол жастар қаладан мардымды жұмыс таппай, үй-күйсіз, көбі әлі күнге бас құрмаған, сүрбойдақ. Жастардың ең басты мәселесі - баспана.

Президенттен «Сіздің қолға алып жатқан шаруаларыңыздың бірі қолжетімді баспана мәселесі. Мұны естіп, жастар қуанып отыр. Сол қолжетімді баспанаға қашаннан бастап жастардың қолы жете бастайды?» деп сұрадық. «Биылдан бастап ол үйлерге жастардың қолы жететін болады, тек үйленген екі жастың бірінің айлық жалақысын үйдің пәтерақысы сияқты қылып төлеп отырады, содан бір жиырма жылдың ішінде олар әлгі үйдің иесі атанады", деді.

Жазушылар одағы және «жеті жүз қасыр»

Одан кейінгі әңгіме Қазақстан Жазушылар одағы туралы болды. Мен айттым: Нұрлан Оразалин менің досым. Ол одақтың мәртебесіне сай қолынан келгенін жасады. Бірақ оның қолынан келмейтін нәрселер бар: баспана әперу, жазушыларға қаламақы қою, басқа да әлеуметтік мәселелер. Шеше алмайтыны - Жазушылар одағының мәртебесі қоғамдық ұйым. Ол совет заманында мемлекеттің балансында болған. Ал, жазушылар одағының төрағасы ол кезде өкімет мүшесі, депутат бола жүріп, көптеген мәселелерді шешетін. Осының бәрінен айырылғаннан кейін қазір одаққа қандай басшы жіберсеңіз де, қандай төраға сайланса да дәл бүгінгі айқай-шу қайталана беретін болады. Неге? Себебі, одақтың мәртебесі қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымның қолынан ешнәрсе келмейді. Өйткені, қаржысы жоқ дегенді жеткіздім. Президент: «Кімді ұсынасың?» деді. Мен: «Кімді ұсынсақ та жеті жүз аш қасқырды бақ деп жіберген қойшының кебін киетін болады. Жеті жүз аш қасқыр шопанның өзін жеп қоюы мүмкін. Сондықтан мен бұл мәселеге ойланып, жұртпен ақылдасып жауап берейін», дедім. Съез қашан болады деп сұрады, күзде болады дедім. Онда сол съездің қарсаңында ұсыныстарымызды айтайық дедім.

Үкіметтің қолдауынсыз қазақ киносының болашағы жоқ

Кино туралы да сөйлестік. Қазақ киносы жақсы даму үстінде. Әлемдік деңгейге жетеғабыл жағдайда. Енді осы алған асудан айырылып қалмай ұстап тұрсақ. Үкімет қаржыдан қысса, қазақ киносының халі қиын болады. Өйткені, Қазақстандағы адам санының аздығынан кез келген кино пракаттан ақша түсіре алмайды. Өзін-өзі ақтамайды. Сондықтан әзірше біз қазақ киносын қолдауымыз керек. Қазіргі кезде кинотеатрларда жүріп жатқан фильмдердің тоқсан пайызы шетелдік өнім. Жастар қай елдің киносын көп көрсе, сол елдің патриоты болып шығатыны белгілі. Фильмдердің сексен пайызы - американдық. Демек, жастар Америка патриоты болып тәрбиеленіп жатыр. Бұл өте қауіпті құбылыс. Қазақ киносы және оған үкіметтің қолдауы сол үшін қажет дедік. «Енді, қаржы беріп жатырмыз ғой», деді. Рахметімізді айттық.

Үш үлкен бастық немесе «Оралмандарға обал болды»

Содан кейінгі әңгіме оралмандар жөнінде болды. Оралмандар мәселесінде үлкен кедергілердің бар екенін сездік. Өйткені, жұмыссыздыққа байланысты шиеленіскен бір мәселелер туындай қалса, сол мәселелерді шеше алмаған үкімет адамдары соның бәрін оралмандарға жапқан сияқты, менің естуімше. Міне, «солар келіп бүлік шығарып жатыр, олай жасап жатыр, былай жасап жатыр» деп бәленің бәрін оралмандарға арта салған. Мен білемін олар адамдарды - үш үлкен бастық. Солар Президентке солай деп мәлімет бергенін білеміз. Оралмандарға обал болды, обал болды.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның оңтүстігі халыққа толып отыр. Оралмандарды Солтүстік аймақтарға орналастыру керек деді. Біз оны мақұлдадық. Әрине, дұрыс. Бірақ, қазір көш тоқтап қалды.

Меніңше, осы мәселені қоғамдық ұйымдар, халық болып Елбасымен бірлесе отырып шешетін уақыт келді ғой ойлаймын. Бұл жерде басты мақсат - бір-бірімізег қарсы шығу емес, бірігіп отырып, мәселені шешудің тәсілін, жолын іздеу. Біз мынандай нәрсеге имандай сенеміз: Қазақстан тәрізді елге сырттан бір кездегі Отандастарын қайтару - бұл тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің болу, болмау мәселесіне тікелей қатысты үлкен тағдыр хәл сауал. Егерде үкімет Қазақстан жерін қазаққа толтыруға бас ауыртпайтын болса, ол үкімет Тәуелсіздікке жауапсыз қарайтын үкімет деп ұққан жөн. Ол үкімет Қазақстанның, қазақтың, Тәуелсіздіктің болашағына жауапсыз қарайтын үкімет деп ойлаймын.

Әрине, жылына жүздеген мың адамды көшіріп әкелу, жұмыспен қамту, орналастыру, көмек беру күрделі мәселе, әлбетте, үкіметке бас ауру. Үкімтке және мен айтып отырған кейбір шенеуніктерге сырттағы қазақтың көшіп келмегені жеңіл секілді. Міне, осындай жағдайда қазақ зиялылары Президентпен бірлесе отырып, оралмандардың жолын ашып, солтүстік өңірлердегі жұмысы бар жерлерге орналастыруға күш салуы керек деп ойлаймын. Онсыз біздің болашағымыз жоқ. Қазақстан халқы өздігінен көбеймейді. Оны көбейтетін оралман. Оны ашық мойындау қажет. Әрі жай жатқан жердің жау шақыратыны белгілі. Жеріміз кең, халқымыз аз. Бұл жағдай Президентті де, бәрімізді ойландырады. Мұны шешудің бірден бір жолы - шетелдегі бес миллион қазақты алдағы он жылда қайткенде қайтару, сол жолда күресу деп білеміз. Бұл әрбір азаматтың, әрбір ел болашағын ойлайтын қайраткердің нөмірі бірінші басымдылығы болуы тиіс. Қазақстан жерін халыққа толтыру - тікелей қазақ халқының тілі, діні, менталитеті жаһандану заманында ұлы халықтардың арасында шайылып кетпеуі үшін де нөмірі бірінші шарт.

Бұл біздің Президентпен тұңғыш жүзбе-жүз жеке кездесуіміз. Сондықтанда бұл кездесудің әсері біз үшін әсері өте үлкен болды. Өзіміздің алған әсерімізді Құдай қаласа, көп ұзамай қағаз бетіне түсіреміз деп ойлаймын.

- Рахмет, аға.

Әңгімелескен - Өміржан Әбдіхалықұлы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524