Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4152 0 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 17:44

Қырғызстан жемқорлықпен күреспей ме?

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті жарлық дайын болып қалды. Бұл туралы centralasian.orgқа сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

Жапаров 23 маусымда бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Ол құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерге көп кедергі жасайтынын сынап, кезінде қаржы полициясының шағымның көбеюіне байланысты жойылғанын еске салды. Оның айтуынша, мұндай шешім кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қабылданған. Сонымен бірге президент арнайы қызмет құрамындағы жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін, оның орнына Жемқорлыққа қарсы іскерлік кеңес құрылатынын мәлімдеді.

2020 жылғы қазан оқиғасынан соң мемлекеттік "Эркин-Тоо" газетінде биліктен кетіп бара жатқан президент Сооронбай Жээнбековтің Жемқорлықпен күрес қызметін тарату туралы жарлығы жарияланған, бірақ бұл құжат президент сайтына шықпады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметі 2011 жылы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билігі кезінде құрылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742