Жұма, 18 Сәуір 2025
2785 0 пікір 24 Маусым, 2021 сағат 13:42

Садыр Жапаров Тәжікстанға барады

28-29 маусымда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Тәжікстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұл Жапаровтың Қырғызстан президенті ретінде Тәжікстанға алғашқы сапары. 30 сәуірде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесу кезінде аталмыш сапар жоспарланған болатын. Екі мемлекет басшылары қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс жағдайына байланысты телефон арқылы сөйлескен еді. Рахмон Жапаровты Тәжікстанға ресми сапармен шақырған болатын. Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшылары мамырдың екінші жартысында Душанбеде бетпе-бет кездесу өткізуге келісті.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс 28 сәуірде басталып, екі күнге созылды. Қақтығыс салдарынан қос тараптан жүзге тарта адам қаза тауып, соғысқа ұласу қаупі артқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2020
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4882
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4075