Жұма, 22 Қараша 2024
3585 0 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 12:52

ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі төмендеді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ЖІӨ-і 2021 жылдың бірінші тоқсанында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% -ға төмендеп, 415 млрд долларды құрады. Ал, оң динамика Беларуссияда ғана тіркелген.

Есепті кезеңдегі Қазақстандағы көрсеткіш 1,5% -ға, 15,8 трлн теңгеге немесе 37,6 млрд долларға дейін төмендеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Қырғызстанда 9,4% -ға 118 млрд сом немесе 1,4 миллиард долларға, ал Арменияда - 3,3%, 1,3 триллион драм немесе 2,45 миллиард долларға төмендеген.

Өз кезегінде, Ресейде ІЖӨ бірінші тоқсанда 0,7% -ға, 26,8 трлн рубльге немесе 360,1 млрд долларға дейін төмендеді.

Ал Беларуссия ЖІӨ өсімі байқалған Одақтың жалғыз мүшесі болды - 0,9% -ға, 36,3 миллиард беларусь рубліне немесе 14 миллиард долларға дейін өскен.

Сондай-ақ, ЕЭК мәліметтері бойынша, ЕАЭО елдерінің ЖІӨ құрылымындағы ең үлкен үлесті өнеркәсіп құрайды, Арменияда 26% -дан Беларуссияда 33,3% -ға дейін, Қазақстанда - 32,9%. Одан кейінгі үлкен үлесті сауда саласы құрайды. Ол бойынша: Беларуссиядағы 10,3% -дан Қырғызстандағы 16,6% -ға дейін. Қазақстанда сегмент жалпы ішкі өнімнің 15,6% құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322