Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2205 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 08:07

Павлодарда алқа билердің қатысуымен өтетін алғашқы сот оларды таңдау қиындығынан басталмай отыр

Павлодар. 7 шілде. ҚазТАГ- Павлодарда алқа билердің қатысуымен өтетін алғашқы сот кем дегенде 15-ші шілдеге дейін кейінге қалдырылды.

Алдын хабарланғандай, «шулы» болған Екібастұздың бұрынғы әкімі, кәсіпкер Рамазан Жұматаевты өлтіруге қатысты іс бойынша алқа билердің қатысуымен алғашқы сот 26-ші маусымға белгіленіп, одан соң тағы бір аптаға кейінге шегерілген болатын.

Бірақ павлодарлық облыстық соттағы брифингте айтылғандай, алқа билерін қалыптастыру үшін әзірге үміткерлердің қажет саны іріктеліп алынбаған. 

«Заңға сай біздер 25 үміткерден тұратын коллегияны іріктеп алуымыз керек те, одан соң өздері кетіп, не жаратпай тастаудан соң ғана 11 негізгі және қосалқы алқалы билерді іріктеп алуымыз керек. Бірақ әзірге үміткерлердің тек жартысы ғана іріктеліп алынды», - деп хабарлады облыстық сот төрағасы Ермек Серекбаев.

Е.Серекбаев, шақырылған 120 адамның тек 15-інің ғана талаптарға сай келетінін атап өтті. 

«Екіншіден, барлық шақырылғандар келмеді, ал келгендердің кейбіреулері сотқа тартылып отырған тараптардың туыстары, не таныстары болғаны себепті сотқа қатысудан бас тартты», - дейді Е. Серекбаев.

Одан басқа, қала әкімі сотқа ұсынған 5 мың адамнан тұратын тізімнің арасында Ресей Федерациясының азаматтары, сотталу мерзімі аяқталмаған, алқалы билер қатарында бола алмайтын мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар алқалы билер бола алмайтын ауыр мүгедектер де бар.

«Біздер жұмыс жасап отырған базаның мүмкіндігіне қарап, 15-ші шілдеге қарай біздер алқалы билер толығымен іріктеліп болатын шығар деп сенеміз», - деп атап өтті облыстық сот төрағасы.

Естеріңізге салсақ, соттың алқалы билер қатысуымен өтуін талап еткендер -  Екібастұздың экс-әкімін өлтірген деп күдіктелген төрт азамат тұғын.

0 пікір