Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2830 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 12:53

Хақ Назар ханға ескерткіш қойылса...

http://www.aikyn.kz/templates/shdesign/images/spacer.gif

«Хан жайлаған Қаратау, би жайлаған Алатау» деп бекер айтпаған. Қария таудың қос қапталы тұнған тарих. Түстік-батысында күллі Түркі жұртының рухани тірегі - Түркістан Қазақ Ордасының да көп жыл астанасы болған. Ал теріскейіндегі көне Созақ шаһарына Қазақ хандарының табаны тимегені кем де кем шығар. Күре жолдан бұрыстау, арнайы артынып- тартынып шықпаса, бейсауат жолаушыға жайылып төсек бола қалуы екіталай. Шөбі шүйгін, ауасы таза, таулардан аққан мөлдір де салқын бұлақтар, көсіле жатқан кең қоныс хандардың жазғы жайлауына аса қолайлы-ақ.

http://www.aikyn.kz/templates/shdesign/images/spacer.gif

«Хан жайлаған Қаратау, би жайлаған Алатау» деп бекер айтпаған. Қария таудың қос қапталы тұнған тарих. Түстік-батысында күллі Түркі жұртының рухани тірегі - Түркістан Қазақ Ордасының да көп жыл астанасы болған. Ал теріскейіндегі көне Созақ шаһарына Қазақ хандарының табаны тимегені кем де кем шығар. Күре жолдан бұрыстау, арнайы артынып- тартынып шықпаса, бейсауат жолаушыға жайылып төсек бола қалуы екіталай. Шөбі шүйгін, ауасы таза, таулардан аққан мөлдір де салқын бұлақтар, көсіле жатқан кең қоныс хандардың жазғы жайлауына аса қолайлы-ақ.

Қазақтың қилы тарихы бұл өлкеде аз таңбаланған жоқ. Қа­рын­дастан айырылған қайғылы жұрттың елім-айлаған зар үні тас­тарға сіңіп қалғандай әлі күн­ге дейін көңіл елегізітеді. Қазақ Ордасының алғашқы ту көтерген жері осы өңір болатын «Қаратау­дың терістігіндегі қамал қала Созақ қазақтың талай хандарына тірек болған» (Ә. Марғұлан).
Бұл өлкеде «Қарақорым», «Ақ­назар», «Хан мазары»» «Хан төбе», «Төре тоған», «Той төбе» деген жер аттары бар. Сонымен бірге Едіге би дүниеге келген бұл аймақ «Едігенің майлы жұрты» атанады..
Қазақ хандығына алғашы ас­тана болған Созақта кейін ауық-ауық талай хандардың кеңесі өткені белгілі. Қасым ханның ұлы Хақ Назар сынды тегеурінді басшының жігерлі қимылдары арқасында қазақ тағы да «алмас қылыштай» жарқылдап шыға келді.
Хақ Назар - қазақ хандары­ның ішінде ең көп уақыт ел билеген хандардың бірі. Қытай деректерінде Хақ Назар жайлы едәуір дерек бар екен. Оладың айтуынша 42 жыл тақта отырып­ты. Осы уақыт ішінде әкесі Қа­сым ханның жолын қуушы, Қа­зақ Ордасын біріктіруші, әрі ны­ғайтушы, мемлекеттікті нық орнықтырушы, ең бір ықпалды хан болған.
Оны кезінде Орыс патшалығы да, тіміскі Қытайлар да танып, мәмлегерлік қарым-қатынастар орнатысқан. Ол 1510 жылы туып, 1580 ж. өлтірілген.
Хақ Назар хан билікке 1538 ж. келген кезде қазақтар жан-жа­ғы анталаған жау болатын. Терістікте көшім, батысында но­ғай­лылар, шығысында моғол­стан, оңтүстігінде өзбек хандары көз алартып, әлсін-әлсін ша­буыл­дап, тонап кетуге бейім тұрды. Әйтсе де, жаңа хан күш жинақтап, аз уақытта ноғайлылар иемденген өлкенің бір бөлігін қайтарып алды. Қазақ Ордасы­ның шекарасын Еділге дейін кеңейтіп, байырғы қоныстарды және башқұрттар иемденген ау­мақтарды да өзіне қайта қосып алды. Тіпті ештеңеден қаймық­пай орыстарда кеткен есені қай­тарып, Әжітархан хандығын өзіне қаратып алды. Осы әре­кет­терінің арқасында бір бүйірден үнемі шаншылып тұратын Ноғай ордасының мүлдем тарап ты­нуына себепші болды. Ендігі қауіп - Сібір ханы Көшім бола­тын. Оған тойтарыс беру үшін түстік жақтағы іргені бекітіп алу керек. Байырғы туыстықты алға тартып, Мәуреннахрдағы Шай­бани әулетімен тату тұруды көздеді. Сол мақсатпен табиғаты жанға жайлы Созақ қамалының жанындағы шүйгін жазыққа көптеген үйлер тіктіріп, барынша сән-салтанатын жасап, Бұхара ханы II Абдолланы қонаққа шақырды. Осы жерде өзбек ханымен анттасып келісім-шарт жасасады. Бұл ант көпке дейін қазақтардың ес жиып, нығая тү­суіне оң септігін тигізеді. Сол се­бепті болса керек, хандар кез­десіп үлкен жиын өткізіп тұрған жерді кейін халық «Хақ Назар» атап кетті. Ел аузындағы әң­гімелерде Ақназар ханға қастан­дық жасалынып, өлтірілгенде сүйегін осы жерге әкеп қойыпты деседі.
Созақ қамал-қаласының осы жайлауында кейін де талай хан­дардың мәслихат-кеңестері өтіп тұрған. Мұның бір мысалы М.Мағауиннің «Аласапыран» рома­нында Тәуекел ханның өткізген кеңесі егжей-тегжейлі баяндал­ғанын оқығанбыз. Осыларды ой­ға ала отырып Көне Созақ ша­харының түбіндегі Ақназар ата­латын жерге неге сол ханға арнап ескерткіш белгі қоймасқа деген ой келеді.
Мәселе ол кісінің сүйегі осын­да жатыр ма, жатқан жоқ па дегенде емес. Мәселе - Хан ба­ба­мыздың осында болуында. Қа­зақ Ордасының үлкен шаңыра­ғын көтеріп, Ақ Ордасын тігуінде. Осы жерде небір ел тағдырына бай­ла­нысты тарихи мәселелерді шешіп, ауқымды, салихалы жи­ын­дар өт­кізуінде. Халық жер атын бе­кер Ақназар деп қоймаған ғой.
Біреулер хан сүйегі осында десе, енді біреулер Қарабура әу­лиенің қасында деседі. Тағы бі­реулері, тіпті, бұл өлкеде емес, жорықта жүргенде Ташкент-Қа­зығұрт бағытындағы күре жол­дың маңы болса керек деседі.
Ескерткіш қабір басына деп емес, Хан Ордасы болған, тарихи мәні зор орынға және Хақ Назар ханның рухына қойылса дейміз.
Біз осы мақала-үндеуді елдің бүкіл зиялы қауымы назар ауда­рар, қолдар деген ниеттеміз. Жә­не хандардың үрім бұтақтары қалған болса, немесе жай «елім», «ұлтым» дейтін іскер, қалталы азаматтардың құлағына жетсе бәлкім ойланар, сөйтіп, бір ше­шімге келер деген ойдамыз. Ал­дағы күндерде Түркістан қала­сында сонда жатқан бүкіл қазақ хандарына ас беріледі деген ха­барды естіп отырмыз. Бәлкім, сол жиыннан соң біз көтеріп отырған мәселе де көпшіліктің талқысына түсер деген үмітіміз бар.
Дулат ТҰРАНТЕГІ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Созақ ауданы

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510