Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
5487 1 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 13:21

Өзбекстан балаларға 50 доллардан таратпақ

Өзбекстанда тамыз айында тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек ретінде 500 000 сум (50 доллар) көлемінде жәрдемақы төлемек. Бұл ақша балаларына мектепке қажетті заттар алу үшін беріледі.

Бұл жөнінде ел президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте өткен Жастар мен студенттер форумында айтты. Сонымен бірге тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттер оқу орындарында алғашқы жылы бюджет есебінен оқиды.

Өзбек президенті жас отбасыларға ипотекамен пәтер алу үшін 2000 квота бөлінетінін жеткізді. Ол үшін мемлекеттен 60 млрд сум (5,6 млн доллар) бөлінбек.

Мирзияев сонымен бірге мемлекет қамқорлығындағы жастар отбасын құрамын десе, 33 миллион сум (3 мың доллардан астам) кепілсіз несие берілетінін айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1226
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2753
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 833