Сенбі, 23 Қараша 2024
4229 2 пікір 9 Шілде, 2021 сағат 14:23

Елімізде 6 айда 7 әкім ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов биыл қанша шенеуніктің істі болғаны туралы мәлімдеді. 

Ахметжановтың айтуынша, Қазақстанда соңғы алты айда вице-министр, үш судья, жеті әкім мен олардың орынбасарлары ұсталған.

- «Жедел-тергеу жұмысы шеңберінде алты ай ішінде 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар. Мәселен, олардың қатарында вице-министр, үш судья, жеті облыс әкімі мен олардың орынбасарлары әшкереленді. Менеджерлердің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілігін күшейту аясында 33 лауазымды тұлға жазаланды, оның үшеуі қызметінен босатылды.15 млрд теңге бюджетке қайтарылды», - деді ведомство басшысы.

Ол сонымен қатар кәсіпкерлік істерге заңсыз араласудың 60 фактісінің жолын кескенін, көлеңкелі экономика субъектілеріне патронаттық көмек көрсетудің 45 фактісі және жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі анықталғанын атап өтті.

«Қарамағындағылардан үнемі ақша бопсалаумен айналысқан Қорғаныс министрлігінің логистика және қару-жарақ пен қаржы бөлімінің басшылары ұсталды», - деп қосты Ахметжанов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435