Сенбі, 23 Қараша 2024
3089 0 пікір 9 Шілде, 2021 сағат 14:51

Шымкентте теміржолшылар наразылыққа шықты

Шымкентте теміржолшылар бас көтерді. Олар басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Жұмысшылар 120 мың теңгелік жалақының ешнәрсеге жетпейтінін айтып шағымданды. Олар жалақыларын екі есеге арттыруды талап етуде.

«Біз еңбекақымызды 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етеміз. Басшылық тарапы бізге ыңғайлы жұмыс жағдайын жасауы керек. Әр маусым сайын жаңа қызметтік киім берілуі тиіс, ал біз тек жылына бір рет қана аламыз. Өзіміз сатып алуымызға тура келеді. Шымкентте ең аз жалақы бізде ғана», – дейді теміржол қызметкері Нұржан Әшірбаев.

Наразылық шарасына 100-ден аса адам шыққан. Азық-түлік қымбаттап, аймақтағы аптап ыстыққа қарамай жұмыс істейміз деген олар жалақыларының ешнәрсеге жетпейтінін айтады. Жұмысшылардың жанайғайын тыңдаған ұйым өкілі бұл мәселе қарастырылып жатыр деп сендірді. Сонымен қатар ол теміржолшыларға дер кезінде хабар бермегендер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

«Бүгінгі мәселенің шешімін таптық. Басшылыққа міндетті түрде жеткіземіз. Қызметкерлермен жұмыс жасамағандарды жазалу туралы қарастырамыз. Алдағы уақытта нәтижемен бөлісеміз», – деді Шымкент қалалық ҚТЖ АҚ магистральді желісінің директоры Қайырбай Орынбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде  "КЕЗБИ"  компаниясының  600 шақты жұмысшысы еңбек жағдайын  жақсартуды, жалақыны өсіруді талап етіп, жұмыстарын тоқтатқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435