Ақбөкен мүйізін Қытайға сатқан топ ұсталды
ҰҚК Алматы облысында арнайы операция өткізді. Офицерлер ақбөкендердің мүйіздерін Қазақстаннан Қытайға заңсыз шығару мен өткізуді ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ құрықтады.
Ақбөкен мүйізінің үлкен партиясын шетелге әкетуді ұйымдастырмақ болған кезде ұйымдастырушы мен қылмыстық схеманың қатысушылары ұсталды. Жалпы салмағы 700 келі құрайтын 3144 киік мүйізі тәркіленді.
Браконьерліктің салдарынан Қазақстандағы ақбөкен популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, олардың саны қазір 800 мыңға жуықтайды.
Abai.kz