Сенбі, 23 Қараша 2024
4675 0 пікір 14 Шілде, 2021 сағат 13:50

Сұмдық: Елімізде адам саудасы артқан

Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық саны бір жылда бірден екі есеге көбейді. Бұл туралы Ranking.kz порталы арнайы зерттеу жүргізді.

2021 жылғы қаңтар-мамырда елде адам саудасына байланысты 63 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Қылмыстардың көп бөлігі жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондар ұйымдастыруға қатысты болған.

Тағы сегіз жағдай кәмелетке толмағандарды сатумен байланысты, жеті іс кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартуға байланысты, алты іс адам сату және жезөкшелікке тартуға қатысты анықталған.

Жалпы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсада адам саудасына байланысты 120 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 34,1 пайызға аз.

Биылғы бес айда кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін 25 адам, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық үшін - алты адам, адам саудасы үшін - төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Орталық Азия елдеріндегі құрбандардың көпшілігі - ересек әйелдер (55 пайыз). Ер адамдар - 32 пайыз, оның ішінде ұлдар - сегіз, қыздар - бес пайызды құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485