Рухани жаңғыру: «Цифрлы Қазақстан» жобасы һәм математикалық лингвистика
Қазіргі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шыққаннан кейін қоғам санасын жаңғыруға қатысты сан алуан ұсыныстар айтылуда. Біреулер осы бастаманы пайдаланып, ауылды дамытуға ден қою қажет десе, енді біреулер әкімдердің «Туған жерді» ұрандатып, жергілікті кәсіпкерлерді жұмысқа жегетініне алаңдайды. Жастарды киелі жерлермен аралатып, ішкі туризмді дамыту жоспарлары да бар. Әлбетте, тарихи сананы жаңғырту үшін білім керек. Онымен бірге мәдениет те келеді. Ал соның барлығы туған тілмен келмесе, сананың жаңғыруы екіталай.
Елбасымыз аталған мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген болатын. Еліміздің басым көпшілігін құрап отырған қазақ тілді аудиторияныны көш басындағы елдермен терезесін теңестіру бағытында не істеліп жатыр? Түк істелініп жатқан жоқ. Енді осының себептерін тізбектейік.
Ең басты себеп ҚР Үкіметінің Рухани жаңғыру аясында қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» жобасы қазақ тілінсіз іске асып жатыр. Кім кінәлі? Кім кері тартушы? Неге осылай? Неге қазақтың әр қаласының көшесі Алиса арқылы орыс тілінде жол сілтейді. Себебі қазақта физика-математика ғыл. канд., филол. ғыл. докт. Қалдыбай Бектайұлы Бектаев негізін қалаған 1960-1996 жылға дейін дәурені жүрген Шымқалалық математикалық лингвистика мектебі өз өмір сүруін кеңестік кезеңде емес, негізін салушының көзі жұмылған соң, 1996 жылы тәуелсіздік дәуірінде тоқтатты. Тап осыдан қазақ тілі өзін інтернетке, ІТ енгізуге дәрменсіз болып қалды. Неге бұлай, неге басқаша емес?
Қазақ матлингвистикасының атасы Қалдыбай Бектайұлы кімдерге жақпай қалды. Неге тілшілер заманалық текінекәнің емес, құр далбаса теориялардың соңында кетті. Неге ұлтымыздың үш мәрте жазу ауыстыруы мен 100 жыл бойы кірме сөз қабылдамауы олардың тарапынан ескерілмеді. Неге Қалдыбай Бектайұлы негізін салған Қазақ матлингвистикасы тілшілерге керексіз болып қалды.
Бірінші себеп, қазақша айтқаныңды оқитын, сөйлегеніңді жазатын, аузыңнан шыққан сөзді дыбыстайтын, жазған сөзіңнің қатесін түзететін бағдарламалар жоқтығы ешкімнің басын ауыртпауда. Қазақ матлингвистикасын қаперге алмай, Ылатынға көшсек бәрі орнына келеді деген далбасалық кімге қажет. Бәріне математика мен ІТ еш хабарсыз тілшілер кінәлі ме, әлде тілді заманиландыруға көз жұма қарап келе жатқан қоғам кінәлі ме?
Жастар танымал және жас талап қаламгерлердің кітаптарының әудүиө нұсқасы жоқ деп зар қағады. Неге осы бағытта қозғылыс жоқ. Осы қозғалыстың жоқтығынан тілді дамытуға бөлінген қаржыдан математиктер мен информатиктер ІТ мамандары мүлдем қағыс қалып келеді. Осы қарабайыр тірлік қашан тоқталады???
Екінші себеп қазақ тілінің сөздері мен жұрнақ жалғаулары ағылшын тілімен сәйкестендіріп мәшінәлік аударма жасауға бейімделген жоқ. Сол мәшінәлік тәржіма жасау үшін ағылшыннан ұлттық дыбысталуымызға байланысты төл әуеземізге синонимсіз, тұрақты тіркестік баламалық сөздік қатар жасау жүзеге асырылмады. Ол жүзеге асыру ұлттық 28 дыбысымыз таңбалатын әріптермен жүзеге асырылады. Орыстық әуезедегі ф, в және х-да жаңа әліпбиде де құтыла алмай отырғанда, енді оған үстемелей, ағылшындық FНV тықпалаушылардың не көздегені бар. Тағы да тілді бүлдіру ме? Аса бір қыжылат етілсе, ешкімді нәумез қылмай Неге олар CWX-лармен бірге жеке орналастырылмайды.
Екінші себеп қазір бүкіл кәсіби және текінікәлік терміндер тек ағылшын тілінен тікелей қазақи тілдік болмысымызға бейімделіп қабылданбауда. Плинтр, Компьютер т.б. орыс тіліндегідей сөздер тасқыны тілімізді бүлдіріп бітті. Плинтр сол күйі, ал, Компьютер болса, «ь және ю» алынып Компүйтер жазыла салады. Бұл – бір. Екінші себеп – жұрттың бәрі баланың бал тілі өзге тілде шығып кетті деп дабыл қақты. Оның басты себебі ұлтымыздың кәміптік (компьютерлік) сауаттылығын арттыратын бірде-бір бағдарлама қолға алынбайды. Тек «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында құр сөз болып қана қалды. Тілге және әдебиетке бөлінген гранттар не қазақ субтитрлік қорын жасақтамады, не жазу-сызулық кәміптенуін қамтамасыз етпеді, не медіиәөнімдік аудармашылар мектебін қалыптастырған жоқ. Тек санаулы топтың қалта қампитатын майшелпек тірлігіне айналды.
Баланың бал тілі орыстанып, тіпті ағылшынданып шығып жатыр деп орынды дабыл қағушылар тілшілердің матлингвистика бағытында еш тірлік етпегендікпен қазақтың көп нәрседен мақұрым қалып келе жатқанын білуге тиіс. Жақында ылатыншыл бір тілші ойбай біз бәрін ІТ-ші жігіттерге көрсетіп алудамыз дейді. Ал, бәрін түзеуге тиіс, орнына қоюға тиіс 30 жылдық тарихы бар нағыз қазақи ортада өмірге келген Шымқалалық матлингвистика мектебінің өкілдері барлығын ауызға алмайды. Тілдің орфоэпиялық заңдылығын білмейтін ІТ-шіге көрсетіп алудың керегі жоқ, Шымқалалық матлингвистика мектебінің өкілдерін іске тарту керек.
Қазір суреттен, бейнебаяннан мүтпілім, анимация жасайтын тегін:
1. Blender
2. Pencil2D
3. SynFig Studio
4. Pivot Stickfigure Animator
5. DigiCel Flip Book
6. Toon Boom Harmony
7. Xplainto.me
8. Cartoon Animator 4
9. Moho Anime Studio Debut
10. Easy Gif Animator сынды 10 бағдарлама бар. Бірақ осылардың бар екенін онымен қазақша 5-10 минуттық үзікті мүтпүлімді кез келген қолы мен ойы епсекті жан шығара алатынын қалың қазақ біле бермейді. Себебі – алаш Қалдыбай Бектайұлы негізін салған Қазақ матлингвистикасы мектебі мен оның ізбасарларының іс-әрекетіне қара құлып салып отыр. Қазақты дыбысталымдық термін қабылдау жолға қойылмай, ешқашан Рухани Жаңғыра алмаймыз, осыны түсінетін кез келді.
Бір ғана бейнебаян жасайтын бағдарламадағы «montage» терміні төмендегідей қолданылады.
Mounting table [ˈmaʊntɪŋ teɪbl] – Мәнтәждау үстелі – Монтажный стол
montage |mɒnˈtɑːʒ| – Мәнтәж – фотомонтаж
montage foil – Мәнтәж Поиылы – монтажная основа; монтажный лист
film montage – Пілімдік Мәнтәж – плёночный монтаж
frame montage – Піреиімдік Мәнтәж –монтаж кадров; фотомонтаж
map montage – Мәптік Мәнтәж – компоновка карты; монтаж карты; макет карты
montage effect – Епектілі Мәнтәж – видеоэффект; эффект
paper montage – Парақтық Мәнтәж – бумажный монтаж
picture montage – Сүгіреттік Мәнтәж – монтаж кадров; фотомонтаж
radio montage – Ірәдіиө Мәнтәж – радиомонтаж
Бұны беріп отырғанымыз орыс тілді қазақстандықтардың ұлтымыздың ағылшын тілінен сөз қабылдап кетіп, орыс әлемінен біржола ірге ажыратуынан қорқып қазақ тілі дамымай қалған тіл деп құр байбаламына жауап қатуымыз. Қазақ тілі дамымай қалған тіл емес, Орталық Азиядағы Қалдыбай Бектайұлы негізін салған Қазақ матлингвистикасы мектебі мен оның ізбасарлары еңбектеніп жатқан тіл. Тек бәрін бүлдіріп жүргені қазақ сөзі мен жазуын орыстық әуезде және жат орфографиямен тасқұлып шегендеп тастаған тілшілердің ұлтына жаны ашымауында. Кезінде үштұғырлы тілге дамбалды басқа киіп қарсы шыққанның бір өзім едім. Кейін қарасам, Елбасымыз бұл сөзді қазақ баласының басын шіріту үшін емес, 13-14 келіп ақыл тоқтатып, сөз қорын молайтқан шақта ағылшы-орыс сөздері негізінде ана тілінде алған білімін одан ары молықтыруды көздегені екен. Сондықтан бұл сеңді сейілтудің жалғыз жолы – үш тілділік негізінде текінікәлік және кәсіби терміндер мен ІТ бағдарламаларды қазаққа қол жетімді етудің Ұлығ Ұлттық Кәміптік Ағартушылық үрдісін Үкімет құптап, зиялылар жақтауына ғана тіреліп тұр. Әйтпесе, әліпби ауыстырғанымыз, сөзімізді оған лайықтай алмай жыртық орыстық шәркейді құшақтап қаламыз.
28 әріпке негізделген бағдарлама тілі тілшілер В,Ф және Х қанша жерден зорлықпен тықпаласа да жасалады. Өйткені, Алаш МЛ-сы жансыз тілдік теория мен концепцияларға байлаулы емес, жанды кәміптік бағдарламалар әлемінде орфоэпия заңдылығына бағынып өмір сүреді. Мысалы: қазақ қаламгерінің әудүиө жазбасы транскрипцияланған орфоэпиялы0 айтылым бойынша дыбысталып, өз тұтынушысына жетеді. Тілді түзеу тілшілердің орыстық әуезедегі қалған-құтқанды ылатынға тықпалауынан емес, ұлттық әуеземіз бен этникалық келбетіміз сақталған жаһандық бағдарламалардың сауатты сөйлеу тілдік қалыптасымнан тұрады.
Алаш баласы Қалдыбай Бектайұлы мұрасына сатқындық жасамайық!
Сөз соңында айтарымыз, Қалдыбай Бектайұлының жолын жалғастырушы матанализші ғалымдар Жанбек Уатай, Табылды Каюповтар замана ыңғайына бейімделген «Грамматика казахского языка» еңбегінің биылғы жыл жарық көрген еңбегінің тілшілер тарапынан бағаланбай жатуын немен түсіндіреміз?
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz