Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
5638 2 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 15:51

Қытайда адамдар "маймыл вирусынан" көз жұмуда

»ндонези€, остров Ѕали. ќбезь€ны у храма ”лувату.

Қытайда маймыл вирусын жұқтырған алғашқы адам көз жұмды. Вирус ғылыми негізде "Маймыл B" вирусы деп аталады. Бұл маймылтектестерден адамға жұғып, қауіп төндіретін вирустың бірі. 

Global Timesтың жазуынша вирусты жұқтырып, көз жұмған алғашқы адам ветеринар болып шықты. Оның отбасы мүшелері тексеріліп, дәрігерлердің бақылауына алынған. 53 жастағы ветеринар наурыз айында екі маймылды сойып, зерттеу жүргізген. Бір ай өткен соң құсу және бас айналу белгілерімен ауруханаға түскен.

Бұған дейін Қытайда маймыл вирусының адамдарға жұғу фактісі тіркелмегендіктен, билік бұл жағдайға алаңдаушылық білдіруде. Сәуір айында вирус жұқтырған науқастан дәрігелер жұлын сұйықтығы негізінде сынамалар алып, вирустың барын анықтаған.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1215
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2745
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 829