Жұма, 15 Мамыр 2026
5724 0 пікір 20 Шілде, 2021 сағат 13:31

Израиль Сирия аумағын бомбалады

Израиль ұшақтары 20 шілде күні Сирияның Эс-Сафира ауданындағы әскери нысандарды соққыға алды. Бұл туралы Al-Hadath арнасы хабарлады.

Израиль ұшақтары қоймалар мен жарылғыш өндіретін зауыттарды бомбалаған. Соққыға ирандық күштер де ұшыраған. Соққы салдарынан қаза тауып, жарақат алғандар бар. Al Mayadeen арнасының хабарлауынша Алеппо маңындағы ғылыми зертхана да бомба астында қалған.

Бұған дейін сириялық арналар Израиль шабуылын тойтарып, әуе қорғаныс жүйесі сәтті жұмыс жасағанын мәлімдеген еді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2744
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1863