Оның сөзінше, Вашингтон мен Берлин Ресей газын Украина арқылы тасымалдау жобасы 10 жылға созылады. Қазіргі қолданыстағы келісім мерзімі 2024 жылға дейін болған.
Нуланд АҚШ мен Германия Украинаның Ресей газына тәуелділігін барынша азайтуға тырысамыз деп атап өтті. Бұдан бөлек егер Мәскеу көрші елдерге энергия ресурстары арқылы қысым жасайтын болса, Германия санкция салатынын айтты.
Украина энергия ресурсы қамтамасыз ету үшін Берлин мен Вашингтоннан қаржылай көмек алады.
Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель телефон арқылы сөйлескен кезде, "Солтүстік ағын-2" жобасы құрылысының аяқталуға жақын екенін, құрылыс жұмысына көңілі толатынын жеткізген. Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы 2016 жылы басталған. Құрылыс 2019 жылы аяқталуы тиіс болған, бірақ АҚШ санкциясы қаупінен тоқтап қалған.
2021 жылдың басында құрылыс жұмысы қайта жалғасты.
АҚШ әкімшілігі газ құбырын қарумен күзетуге қарсы шықты. Бұл Еуропалық одақ пен Украинаның қауіпсіздігіне қауіп төнеді деп, оның орнына Вашингтон өзінің энергия ресурстарын Еуропаға ұсынған.
Abai.kz