Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3873 0 пікір 29 Мамыр, 2012 сағат 07:57

Сайын Бөлек. БТА – банк: Марченко сақалын қырады ма, әлде, жұлады ма?..

Қазақ пен бүгінгі қазақстандық билік турасында өрлі-қырлы сөйлеп жүргенімен Петр Своик сияқты кісілердің тілді білмесе де ептеп түсінетінін, достарының, туған-туыстарының қазақтар екендігін айтып жақауратуға әддісі жетететінін ойласаң, кейде «шүкір» деуге тура келеді. Суырылып сөйлеп кете алмасада қазақ тілінің Конституциялық мәртебесін мойындайды екен деп «мәз» боласың. Ал, сақалын саудалап үйренген бас банкиріміз - Марченко тіліңді ұрмайды. Өткен көкек айында болған баспасөз мәслихатында қазақ жорналшысы оған «мемлекеттік тілді білесіз бе?» деп мінәйі сұрақ қойып еді, Марченкомыздың тұздай көзі шынылы көзілдіріктің ар жағынан шытынап шыға келді. Сөйтсек, Григорий Марченко мемелекеттік тілді білмейді екен, білу былай тұрсын, білгісі де келмейді екен. Тіпті «бұл мырзаға» бұндай күлді-бадам сұрақ қоюдың өзі ұят екен. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, БАҚ арқылы Елбасы мен елдің көзіне түсіп қюды артық санамайтын Марченко жиын соңында журналистердің қитығына тиіп, «сендер сауатсызсыңдар» деп сайтан күлкісіне салып тайып тұратын, осы жолы ол «қаржы-қаражатқа қатысы шамалы» сауал қойған қазақ тілді журналистті кекеп-мұқап бір жасап қалды. Бірақ, жирен сақалы мен жез мұрты жидіп кете жаздап жиыннан түтігіп шықты. Өйткені, баспасөз мәслихатында Марченконың мысын басқан екі мәселе болды.

Қазақ пен бүгінгі қазақстандық билік турасында өрлі-қырлы сөйлеп жүргенімен Петр Своик сияқты кісілердің тілді білмесе де ептеп түсінетінін, достарының, туған-туыстарының қазақтар екендігін айтып жақауратуға әддісі жетететінін ойласаң, кейде «шүкір» деуге тура келеді. Суырылып сөйлеп кете алмасада қазақ тілінің Конституциялық мәртебесін мойындайды екен деп «мәз» боласың. Ал, сақалын саудалап үйренген бас банкиріміз - Марченко тіліңді ұрмайды. Өткен көкек айында болған баспасөз мәслихатында қазақ жорналшысы оған «мемлекеттік тілді білесіз бе?» деп мінәйі сұрақ қойып еді, Марченкомыздың тұздай көзі шынылы көзілдіріктің ар жағынан шытынап шыға келді. Сөйтсек, Григорий Марченко мемелекеттік тілді білмейді екен, білу былай тұрсын, білгісі де келмейді екен. Тіпті «бұл мырзаға» бұндай күлді-бадам сұрақ қоюдың өзі ұят екен. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, БАҚ арқылы Елбасы мен елдің көзіне түсіп қюды артық санамайтын Марченко жиын соңында журналистердің қитығына тиіп, «сендер сауатсызсыңдар» деп сайтан күлкісіне салып тайып тұратын, осы жолы ол «қаржы-қаражатқа қатысы шамалы» сауал қойған қазақ тілді журналистті кекеп-мұқап бір жасап қалды. Бірақ, жирен сақалы мен жез мұрты жидіп кете жаздап жиыннан түтігіп шықты. Өйткені, баспасөз мәслихатында Марченконың мысын басқан екі мәселе болды. Бірі - тілге байланысты сұрақ болса, екіншісі - Марченконың «саясын» паналап, қаражатты судай шашып жүргендердің артын ашатын жайттың аңдаусызда айтылып қалғаны еді. Естеріңізге сала кетейін, Марченко банкир ретінде Әбіләзовтың аты атала қалса, кірпідей жиырылады. «Оны банкир деп есептемеймін» деп зыр қағады. Әйтседе  Марченконыңң осы сөздері біздің көңілімізде «сезікті бұрын секірер» деген күдіктің бұлтын қоюлата түседі. Неге? Неге деріңіз бар ма, аталған баспасөз мәслихатында «Халық банктің» төрайымы Үміт Шаяхметова «БТА-банктің 2009 жылы  талан-таражыға түсуіне мүмкіндік берген адамдар   бүгін қалайша оған басшылық етіп жүр?» деген тосын мәселе көтерді. Бұл жерде мәселе «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қазіргі төрағасы Өмірзақ Шөкеевке, Шөкеевтің орынбасары Елена Бахмутоваға, БТА-банк директорлар кеңесінің осы күнгі басшысы Анвар Сәйденовке барып тірелетіні даусыз еді. Өз есімін құрығанда «Ануар» деп айтуға «аузы бармайтын» Анвар Сайденов 2004 - 2009 жылдар аралығында екінші деңгейдегі банктердің қызметіне қатаң бақылау жасай алатын құзыретті орында - Ұлттық банктің төрінде отырды. Ал, Елена Бахмутова 2004 - 2008 жылдары қаржы нарығын бақылау және реттеу Агенттігі төрағасының орынбасары болып,  2008 - 2011 жылдары аталған Агенттікті басқарды. «Я не признаю свои собственные ошибки единственными ошибками по БТА. Я думаю, что это комплекс субъективных и объективных обстоятельств. Поэтому не хочу относить это лично к своей персоне», - деп Еуразия арнасына «ағынан жарылып»  сұхбат берген Елена Леонидқызы өзін қанша жерден ақтап бақса да БТА-банктің тоналуына тікелей қатысы бар тұлғаның бірі. Әрине, ол Әбләзовпен бірігіп БТА-ның «шыпасын» бітіруге ат салыспаған шығар, бірақ оның ұрлық ісіне тап сол кезде мүмкіндік жасаған Агенттікті басқарды. Сайденов пен Бахмутованы «бауырына басқан» Марченко болса, тіпті үнсіз. Құдды тілін жұтып қойған дерсің. Немесе банк жүйесіндегі былықтың оған еш қатысы жоқ сияқты.  2004 жылы ол Ұлттық банкті Анвар Сайденовтің қолына «ұстатып», өзі қаржы нарығын бақылайтын Агенттікті құруға ұмтылды. Ол Агенттікке ақыры Бахмутованы бас қылды. Ендеше БТА-банктің тоналуына  Марченко мен оның командасының қатысын жоққа шығару мүмкін емес. Алайда олар ешнәрсеге қатысы жоқ, «судан таза сүттен ақ» жандардай шайқап ішіп, шалқып өмір сүріп жатыр. Сайденов БТА-банк директорлар кеңесін басқарады, Бахмутова «Самұрық-Қазынада», Марченко Ұлттық банкке қайтып келді. Ал, БТА-банкте пир, яғни аста-төк тіршіліктің салтанатты көрінісі, қазақша айтсақ думанды той жалғасын табуда. Сол тойдың бас кейіпкерлерінің бірі Марат Заиров дейтін жігіт БТА-банкте жеке концертін өткізіп, интернеттің иіріміне түсіп қалды. Сіз Марат Заировты еліміздегі белгілі әм белгісіз поп-жұлдыздардың бірі екен деп ойлап қалмаңыз. Ол - БТА-ның басқарама төрағасы болған адам. БТА-банктің мажоритарлы құрылтайшысы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөккев пен Елена Бахмутова Заировтың БТА-ны басына көшіріп ән айтқанын, төгіп-шашқанын көрмеген болды. Қалай көрсін, өйткені Заиров «Халық банкте» Марченконың орынбасары қызметін атқарды. Әйткенменде БТА-банктің топ-менеджерлеріне ай сайын 25 мың (!) доллар жалақы бергізіп, жалғанды жалпағынан басқан Заиров қызметінен кетіп тынды. Бірақ оған мемлекет қаржысы қайда құйылды, қайда кетті, не үшін ысырап болды деген сұрақ қойылған жоқ. Сайденов те, Шөкеев те, Бахмутова да оны үнсіз шығарып салды. Екінші рет мемлекет тарапынан қолдау көргенімен тағы да құрдымға құлаудың алдында тұрған БТА-банк туралы ертең тағыда шу шықса, Бахмутова «Еуразия» арнасына сұхбат беріп, ел-жұрттың алдында не деп ақталар екен, көреміз. Марченко сақалын әдеттегідей қыра ма, әлде талдап жұлады ма, оны да уақыт көрсетеді.  Бәлкім, «орынсыз жұмсалған әр теңге үшін бастарыңды жұламын» деп, әкімдерге қатаң ескерту жасаған  Елбасы одан бұрын қимылдайтын болар. Өйткені, мемлекет кепілдігімен банктер алған сыртқы қарыз есептегіш аппараттарға да симай барады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006