Жұма, 22 Қараша 2024
4471 2 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 15:24

Қазақстанда пандемия кезінде бала туу көрсеткіші артты

Қазақстанда бала туу деңгейі артып келеді. Пандемия кезеңінде көрстекіштер былтырғы сегіз пайыздан асып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл бірінші тоқсанда елде 100,5 мың бала дүниеге келген. Бұл соңғы жылдардағы осы кезең бойынша ең жоғары көрсеткіші. Былтырғымен салыстырғанда туылғандар саны 8,4 пайызға жетті.

2020 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда 92,7 мың сәби дүниеге келген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,8 пайызға ғана көп; 2019 жылы "карантинге дейінгі" кезеңде бар болғаны 91,9 мың бала дүниеге келген. Бұл былтырғыдан 0,8 пайызға аз.

Жалпы елдегі бала туу деңгейінің көтерілгені 2020 жылдың үшінші тоқсанынан басталды, бірден 116,7 мың сәби дүниеге келген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,4 пайызға көп. Осыған ұқсас жағдай 2020 жылдың төртінші тоқсанында да қалыптасты: 111,7 мың бала дүниеге келді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға көп.

Нәтижесінде, 2020 жылы елде 425 мыңнан аса қазақстандық дүниеге келді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда алты пайызға көп. Салыстыру үшін: 2019 жылы 2018 жылға қарай туылғандар санының өсуі тек 1,3 пайыз болған.

Қазақстанда биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша халық саны 18,94 миллион адамға жетті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320