Сапарбаевқа сөгіс жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді»,- деп жазды ол.
Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылған.
Одан соң, экс-әкім Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны айтылған.
Abai.kz