Бейжіңге бойкот жариялайық
Жазғы Олимпиадада алмаған алтын-күмісті қыста өтетін Бейжің Олимпиадасында аламыз деген қиялды қою керек.
Қайдағы Бейжің? Халқымызды геноцидке ұшыратып жатқан елде ұялмай-қызармай Олимпиада медальдарын сарапқа салып жүреміз бе? Осы бастан-ақ, немесе жазғы Олимпиада бітісімен-ақ бойкот жариялауды бастауымыз керек.
Оны бастайтын біздер, тек қана қазақтар болуымыз керек! Ұйғырда мемлекеттілік жоқ, қырғыз, өзбектер біз сияқты геноцидке ұшырап жатқан жоқ, ұшыраса да аз мөлшерде. Ендеше біздердің сондай инициатива көтеруіміз өте орынды болмақ! Біз бастасақ Батыс елдері қолдайды, оған сенемін. Ал біздің орыс тілді үкіметке бәрібір болуы мүмкін. Олар ақша жейтін жер бар десе бәрін де сатып жіберуге дайын! Сондықтан төменнен біздер, қоғам өкілдері бастауымыз керек! Ар-намыс қайда, қазақтар?
Петиция жазып білетіндер, жазыңдар, біз қол қояйық.
Қуаныш Еділхантегі
Abai.kz