Сенбі, 23 Қараша 2024
3179 5 пікір 6 Тамыз, 2021 сағат 11:19

От құшағындағы Түркия: өрт тоқтар емес

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 187 өрттің 15 -і жалғасып жатқанын айтты. Бұл туралы ол A Haber мен ATV телеарналарының бірлескен бағдарламасында хабарлады.

"Сегізінші күн өрт тоқтар емес. Ол әлі де өз күшінде. Қонақүйлерде қалған адамдар бар. Біз эвакуация жасадық. Біз теңізден де, құрлықтан да эвакуация жасап жатырмыз. Әлемнің көптеген бөліктеріндегі сияқты біздің елде де орман өрттерінің саны күрт өсті. Саясатқа орын болмауы керек. Біздің ойымызша 8 күн ішінде 187 өрт болды. 187 өрттің 15 -і әлі де жалғасуда. Олардың көпшілігі бақылауда",  - деді президент.

Оның айтуынша, Милас аймағындағы жылу электр орталығына өрт қаупі төніп тұр. Тікұшақтар мен ұшақтар сөндіру жұмыстарын жүргізуде.

28 шілдеден бастап 13 провинциядағы орман өртінің салдарынан туристік маусымның ортасында көптеген танымал түрік курорттары от құшағында қалды. Түркиядағы өртті "Жалын ұландары" ұйымы өз мойнына алған еді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377