Сенбі, 23 Қараша 2024
4359 7 пікір 6 Тамыз, 2021 сағат 17:28

«Олимпиадада психологиялық қысым болды»

Бокстан бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев боксшылардың Олимпиадада көрсеткен нәтижелері туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, боксшылардың жеңілуіне психологиялық қысым әсер еткен. 

«Жігіттер бабында, олар ойындарға жалпы жақсы дайындықпен келді, спаррингтер де, жарыстар да болды, олар толық дайындық кезеңінен өтті, бірақ Олимпиадада психологиялық қысым көп әсерін тигізді. Жігіттер тәжірибелі болғанымен, нақ осы жағдай сеп болды», - деді Кенжебаев.

Бас жаттықтырушының сөзінше, пандемия салдарынан Владивостоктағы жаттығуға бар алмаған.

«Ресей құрамасы Владивостокта жаттықты, бізді де шақырды. Онда көптеген шетелдік командалардың барғысы келді, карантин болғандықтан олардың бәріне рұқсат берілмеді.

Біз Алматыда Ақбұлақ базасында 14 күндік карантиннен өттік. Ал мұнда 17-сі күні келдік, бірінші спортшы 27-сі күні 57 кг салмақта жұдырықтасты. Мұнда толық акклиматизациядан өттік, жақсы дайындалдық, акклиматизация тұрғысынан ешқандай проблемалар болған жоқ», - деді ол.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373