Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2835 3 пікір 6 Тамыз, 2021 сағат 19:00

Вакцинация паспортын сату: 110 қылмыстық іс қозғалды

ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ҰҚК, БП, СЖҚКА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты.

– Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын атап өтті. Топ жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады. Осыған байланысты, ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.

Жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 60-ы жалған ПТР-анықтама және 50-і вакцинация паспортын жасау бойынша. ПТР-анықтамаларды қолдан жасағаны және жалған вакцинация паспортын жасағаны үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20 (алты дәрігер, 14 медицина қызметкері), делдалдар – 8.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды. Осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істердің тергелуі бақылауда. Кеңес барысында Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдарға ұсыныстар берді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373