Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 3402 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:03

Балаларды қорғау күнінде шымкенттік оқушыларға тегін балмұздақ таратылады

ШЫМКЕНТ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері Балаларды қорғау күні шымкенттік балалар үшін нағыз мерекеге айналатынына сенімді.

«Саябақтарда ойын-сауық бағдарламалары, концерттер дайындалған. Асфальтқа сурет салу байқаулары өтеді - балалар оған қызыға қатысуда. Барлық балаларға тегін балмұздақ таратылады», - деді ОҚО бойынша балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғалия Жүсіпова. Мәдени бағдарлама Орталық саябақта, Тәуелсіздік, Жеңіс, Абай атындағы саябақтарда дайындалған.

Ғ.Жүсіпованың айтуынша, 2012 жылдағы балалар мерекелеріне 3 млн.-нан астам теңге жұмсау қарастырылған, соның жартысы - демеушілік жәрдем.

Мысалы, ОҚО мәслихатының депутаты Амангелді Сопбеков жүздеген шымкенттік мектеп оқушыларына «Денсаулық» спорт орталығының жүзу бассейніне абонементтер сыйлауды шешті. Бұл бастаманы тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалардың тізімін дайындаған облыстық прокуратура да қолдады. Бүгін, Балаларды қорғау күнінде балалар жаз бойғы абонементтер алады.

0 пікір