Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3264 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:10

Оралда кәріз коллекторы жарылып, лас су бірнеше үйді алып кетті

ОРАЛ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласы Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында №20 орта мектеп тұсында кеше, 31 мамыр күні кәріз коллекторы жарылды.

Оқиға орнында болған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Бибігүл Нұрмұқанованың айтуынша, апат аумағы мың метрді қамтыды. Оқиға орнынан үш адам көшірілсе, оның біреуі - екіқабат әйел. Кәрізден шыққан лас су бірнеше үйді алып кетті.

Төтенше жағдай қызметі, «Орал су арнасы» МКК су сору, тазарту жұмыстарын атқаруда.

«Орал су арнасы» МКК директоры Қайырғали Имашевтің сөзіне қарағанда, елу жылдай болған коллектор әбден ескірген, қалада ауыстыру жұмыстары жыл сайын жүргізілуде. Бұдан бұрын да қаланың бірнеше жерінде мұндай апаттар орын алған болатын.

Осы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалық етуімен аталмыш оқиғаға байланысты арнайы кеңес өткізілді. Арнайы комиссия үйлері, дүние-мүлкі суға кеткен тұрғындардың шығынын есептеуге кірісті. Зачаган кенттік округ әкімдігі тұрғындарды уақытша паналайтын орынмен қамтамасыз етеді, балалар жазғы лагерьлерге жіберіледі.

Апат болған аумақта топырақ түгелдей тазартылады, су сынамасы алынып, зерттеледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321