Сенбі, 23 Қараша 2024
4613 2 пікір 9 Тамыз, 2021 сағат 12:34

Тәлібтер Құндызды басып алды

Ауғанстанда Талибан содырлары Құндыз қаласын басып алды. "Қалада өрт шықты, Құндыз қаласының орталығында Талибан туы көтерілді" деп хабарлайды Al Jazeera.

Құндыз бұған дейін радикалды топтың қолына 2015 және 2016 жылдары өткен болатын. Құндызды басып алу тәлібтердің ең үлкен жеңісі болып отыр. Олр Қандағарды басып алып, артынша ел астанасы Кабулге шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын ашық мәлімдеді.

Құндыз - елдің солтүстік провинцияларының қақпасы. Оның орналасуы оны стратегиялық маңызын арттырып отыр. Өйткені Құндызды басқа ірі қалалармен, оның ішінде астанасы Кабулмен байланыстыратын магистральдар бар, ал провинцияның өзі Тәжікстанмен шектеседі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371