Жұма, 15 Мамыр 2026
3423 1 пікір 9 Тамыз, 2021 сағат 13:17

Кірген қаржыдан шыққан қаржы көп

Бірінші жартыжылдықта Қазақстан Өзбекстанға 114 миллиард теңге (267 миллион доллар) аударды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 80,2 пайызға көп. Осылайша, Өзбекстан Қазақстаннан ақша аударымдары бойынша көшбасшыға айналды. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Одан кейін Түркия - 96,2 миллиард теңге (225 миллион доллар) және Ресей - 93,3 миллиард теңге (218,6 миллион доллар). Қаржының айтарлықтай көлемі Қырғызстанға да жіберілді - 76 миллиард теңге (178 миллион доллар) және Қытайға - 15,4 миллиард теңге (36 миллион доллар) қаржы жіберілген.

Қазақстанға шетелден аударылған қаражат көлемі бойынша Ресей көш бастап тұр - 28,6 миллиард теңге (67 миллион доллар). Одан кейін Өзбекстан - 22,6 миллиард теңге (52,9 миллион доллар), Оңтүстік Корея - 20,9 миллиард теңге (40,8 миллион доллар) қаржы аударылым жасалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2733
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1851