Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6121 19 пікір 10 Тамыз, 2021 сағат 13:49

Дұғада жүретіндердің арқасында медальсіз қалдық!

Сақалдары салаңдап, дамбалдары далаңдап дұғада жүретіндердің арқасында медальсіз қалдық!

Кезінде спортты сәләфизм жәйламай тұрып, ұлттық рух, намыс қандарында қайнап тұрғанда спортшыларымыз жүлдемен оралған еді.
Спортқа “дұғада болайық” дейтіндер кіргелі, спортшылар рухсыз болып қалды.

Халықтың емес, Алланың алдында жауап береміз жеңілсек жеңіле берейік деп ойлайтын шығар!

“Қаңғып жүрген өзбектер” деп көршілерді менсінбейтін едік, сақалдыларды түбімен жойып, намысшылдық пен отансүйгіштіктің арқасында Олимпиада ойындарында алтындар алып, бізден озып отыр. Алдын бұндай болған емес!
Спорт жайлы мұрнына исі бармайтын адамдар, спорт саласын басқарып отыр. Ауыл аймақта намысты жастар жоқ емес, бар. Олардың дарынын, намысын оятып жетелейтін чемпиондар мен бапкерлерді басшылық қызметке алып келмейді!

Себебі әкімдерге спортты дамытатын емес, спорттан пайда көретін адамдар ыңғайлы !

Мысалы ретінде, Түркістан облысы спорт басқармасының бұрыңғы қызметкерлері спортшылардың тамағынан, жарыстарға арналған қаражаттарын жеген деген айыппен жақында қамауға алынды!
Тиын тебен емес, миллиондар желінген…

Шымкентте де қаламыздың спорт басқармасын шетелдің азаматына басқаруға құзырет берді… Шетел азаматы отанды сүйетін рухты спортшыларды тәрбиелеп шығарады деп ойлады мекен, сол Әйтенов?!
Спорт саласында осындай ол қылықтарды көріп жүрігеннен кейін медал алмайтынымызды сезіп едім.

“Дұғада болайық” дейтіндерді емес, “Отанға қызмет етейік” дейтін жастарды тәрбиелейік!

Айгүл Орынбек

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401