Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4491 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 08:05

Олжас Сүлейменов: «Әлем адамымын!»

Жақында қазақ баспасөз айдынына жаңа келіп қосылған «ҰЛТ TIMES» газеті Олжас Сүлейменовпен сұхбат жариялады. Бұған дейін бірнеше рет жердегі мәселелерге ғарыштық биіктіктен қараймын деп, қазағының көңіліне кірбің салып алған орыстілді ақын бұл жолы да өз «биігінен» көрініпті.

Ұлттық тұлға ретінде бүгінгі ұлттық мәселелерге қатысты мардымды пікір айтылмаған сұхбатта журналистпен әңгіме былай өрбиді:

«- Қазақтар пассионарлы ұлт па? Және өзіңізді қазақ деп санайсыз ба, әлде Әлем адамы деп есептейсіз бе?

Олжас Сүлейменов: - Пассионарлық - бұл мәдениеттің белсенділігінен көрінеді. Егер мәдениетті адамның қоғамда лайықты өмір сүру өнері, халықтың әлем алдында өзін-өзі көрсете білу өнері деп есептесек, Қазақстанның жиырма жылдағы белсенділігін қаперге алсақ онда мен өзімді қазақ деген пассионарлы ұлттың өкілі және Әлем адамымын деп есептеймін».

Сонау 1961 жылы адамзатың ішіндегі алғашқы болып Юрий Гагарин ғарышқа ұшқанда «Адамға табын, Жер енді» деп, Жер-Ананы баласына табындырғысы келген ақынға, әрине, асқақтық тән. Оған өз ұлтына мұрнын шүйіріп қарап, қалай менсінбеушілік танытса да, енді жараса беретін ұқсайды. Бірақ... осы «Әлем адамы» деген - қандай адам? Ғылымда осындай термин бар ма?

Орыс тіліндегі кейбір анықтамалықтарға қарағанда, әлем адамы деп жер таңдамай, жиһан кезіп жүре беретіндерді айтатын көрінеді. Сонда олар туған жері жоқ, тұрағы жоқ ұшып-қонып жүре беретін көбелектер ме? Соншалық мықты болса, ол «Әлем адамдары» Айға барып неге өмір сүрмейді?..

Айтпақшы, Олжас ақынның досы Мұхтар Шахановтың Сүлейменовпен пікірі үйлесе бермейді. Әсіресе, ұлт, тіл мәселесінде. Бірақ, гуманистік көзқарас тұрғысында ұлтын жанындай сүйетін Мұхтардың артықшылығы бар. Мәселен, ол бір сұхбатында адамзаттың санасының төмендігін айта келіп, апат бола қалса, кез келген аталық маймылдың айналасында көзіне түскен бала маймылды көтеріп, алып, ағашқа өрмелеп кететінін, ешкімді алалап, жармай, қорғауға дайын тұратынын айтады. «Ал, адамдар: «пәленше, түгенше қайдасың?» деп өз балаларын ғана іздейді» дейді ол.

Мақаланың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/841 - cайтынан оқи аласыздар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371