Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4846 4 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 17:04

Дәурен Абаев: Қазақстанда орыс тіліне деген қысым туралы сөз қозғау әділетсіз

Қазақстанда орыс тіліне деген қысым туралы сөз қозғау әділетсіз. «Ашық диалог» сұхбатының кезекті санында Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Abai.kz.

«Әрине, мұндайға жол берілмейді және өрескел жайт деп есептеймін. Сондықтан құқық қорғау органдары әділетті, құқықтық баға береді. Ресейлік депутаттар наразылық танытқандықтан емес, жалпы елімізде мұндай нәрселердің жолы қатаң түрде кесілетіндіктен солай болады. Кімнің және қандай себеппен кемс і ту көргені маңызды емес. Қазақтар, орыстар немесе басқа этнос өкілдері болса да кемс і тілмеу керек. Азаматтарымыздың көбі ұлтшылдықтың мұндай тұрпайы көріністерін айыптайды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар бүкіл әлемде болып жатыр. Бұл мұндай нәрсені мемлекет қолдап отыр немесе жалпы тенденция ретінде белең алып отыр деген сөз емес. Екі-үш адамның орынсыз әрекеттері арқылы 19 миллион халқы бар елдегі жағдайды бағалауға бола ма? Жоқ деп ойлаймын», - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы туралы эмоцияға беріліп көп дүние айтуға болғанымен, нақты фактілер ондай бұрмалауға көнбейді.

«Біздің елімізде халықтың 90% -ы орыс тілін біледі. Менің ойымша, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, мүмкін Ресейдің өзін және Беларусьтан кейінгі көрсеткіш шығар бұл. Бізде оқушылардың 30%-дан астамы орыс тілінде оқиды. Қазақстан халқының құрылымындағы орыстардың үлесі қазір шамамен 20%. Бұл тілге деген сұранысты білдірмей ме? Қазақстанда 23 мыңнан астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жұмыс істейді. Бұл Орталық Азиядағы басқа елдерге қарағанда көп. Сондықтан Қазақстандағы орыс тіліне деген қысым жасау туралы сөз қозғау әділетсіз», - деді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435