Сенбі, 23 Қараша 2024
Маңызды 6013 7 пікір 16 Тамыз, 2021 сағат 13:19

Ауған қазақтарының жағдайы не болмақ?

Әлемнің назары Ауғанстанда. Талибан қозғалысы Ауғанстанды толық басып алып, өз билігін орнатты. Бұл лаңкестік ұйым деп табылған қозғалыстың XXI ғасырдағы тұтас елді алудағы алғашқы көрінісі. 

Алты ай бұрын АҚШ сайлауында жеңіске жеткен президент Байден Ауғанстаннан әскерін шығаратынын мәлімдеген еді. Бұл елдегі Талибан қозғалысының күш алуына себепкер болды. Көктемгі шабуылдарын қарқынды бастаған лаңкестер, маусым айында шабуылын үдетіп, шілдеде қарқынына жетіп, тамызда елді тұтас басып алды.

Оқиғаның жылдам өрбуі соншалықты саяси салаға «Талибан блицкригі» деген жаңа термин енудің алдында тұр. 34 аймақ дауылдан құлаған теректей бірінен соң бірі тәлібтердің қолына өтті. 14 тамыз күні Ауғанстанның жалғыз маршалы, генерал Дустум Мазари-Шариф аймағындағы ұрыста жеңіліс тауып, Өзбекстан аумағына қарай шегінуге, анығы қашуға мәжбүр болды. Оған дейін Дустум «тәлібтерді талқандап, солтүстікті толық азат етемін» деп сұхбат берген болатын. Дустумның жеңілісі тәлібтерге деген қарсылық ниетін сөндіріп тастағандай әсер етті. Соңғы төрт аймақ еш қарсылықсыз берілді. Мазари-Шарифте тәлібтер шиит мешітіне өз туларын тігіп, қаланы басып алғандарын ресми жариялады. Дустумның резиденциясында басқосу ұйымдастырып, түскі ас ішті. Дустум өз жасақтарын алып, Өзбекстанның Термез қаласына қарай қашып, Кеңес одағының әскері шығарылған әйгілі «Достық» көпірі арқылы Өзбекстанға өтіп кетті. Бұл тұрғыдан деректер екіге жарылады. Бірінші дереккөз бойынша генерал тек қана 84 жауынгерімен өткені, қалған жақтастары Ауғанстан аумағында қалып қойғаны айтылуда.  Екінші деректе барлық әскерімен бірге өтті делінеді. Қазір Өзбекстан билігі Дустуммен келіссөз жүргізіп жатыр. Алайда келіссөздер мәні құпия сақталуда.

Маршал Дустум вернулся в Афганистан

Мазари-Шарифты алған тәлібтер үш аймақты ұрыссыз алып, ел астанасы Кабулге жылжыды. Кабул қаласының шеткі үш ауданын алып, билікке келіссөзге көшті. Тәлібтер қаланы қантөгіссіз алғысы келетінін айтып, шабуылды тоқтатты. Билік тәлібтермен келіссөздерге келіп, ақыры президент Ашраф Гани өкілеттігінен бас тартты. Осылайша ондаған жылдарға созылған қақтығыс аяқталды.

Ашраф Гани отбасы мүшелері мен жақтастарын алып, елден кетті. Ауғанстанның бұрынғы президентінің қайда кеткені нақты айтылмауда. Тәжікстанға кеткені жайлы хабарды Душанбе растаған жоқ. Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Оман елдеріне кетуі мүмкін деген де нұсқалар бар.
Билікке уақытша үкіметке өтіп, кейін тәлібтерге тұтас табысталмақ. Әзірге уақытша үкіметтің құрамы жарияланған жоқ. Дей-тұра оның құрамына бұрынғы президент Хамит Карзай кіруі мүмкін деген ақпарат бар. Оны тәлібтер де растап отыр.

Әлем елдері Ауғанстаннан өз дипломатиялық корпустарын алып шығу қамын жасап жатыр. Алғаш болып АҚШ 5000 мың әскер аттандырды. Олар Кабулдегі дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құпия құжаттарды жойып, қажетті құралдарды көшіруге көмектеспек. Сонымен қатар Ауғанстандағы Батыс билігіне көмектескен жақтастарын да эвакуациялауға барын салады. Ол үшін үш апта бұрын виза қабылдау басталған еді. Қазіргі уақытта визаға өтініш берушілердің саны 80 мың адамға жеткен. Алайда мұнша халықты аз уақытта елден шығарып үлгеру мүмкін емес. АҚШ сарбаздары 11-қыркүйекте елден толық кетуі тиіс. Ол уақытқа дейін 80 мыңды шығару мүмкіндігі аз дейді Вашингтон. Ал Кабул әуежайындағы көріністі үш-ақ сөзбен сипаттауға болады. Үрей, хаос, қорқыныш.

Kabul airport chaos seen in videos posted to social media - REPORT DOOR

Қазақстан билігі де Ауғанстандағы дипломаттар мен Қазақстан азаматтарына алаңдаулы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтары мен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде күштік құрылым басшыларымен шұғыл жиын өткізген болатын.

«Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда.

Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр»,- деп жазды президент Тоқаев.

Возможно, это изображение (один или несколько человек и люди стоят)

Жалпы Ауғанстанда Қазақстанның дипломатиялық корпусынан бөлек этникалық қазақтар да тұрады. Олардың барлығы КСРО кезеңіндегі қудалау мен ашаршылықтан мәжбүрлі түрде ауып кеткендердің ұрпақтары. Қазақстанның көші-қон бағдарламасы бұл азаматтарға да тікелей қатысы бар. Ауғанстанда нақты қазақ санының қанша екені белгісіз. Түрлі ақпарат көздері олардың санын 900-1000 арасында деп көрсетеді. 1991-2000 жылдар арасында 1719 қазақ Ауғанстаннан елге оралғаны жайлы деректер бар.

Жалпы тәлібтердің билікке келуі бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Олардың елді жылдам жаулап алуы, провинциялардың басым бөлігі соғыссыз берілуі, 300  мың сарбаздың табанды қарсылық көрсетпеуі мен АҚШ әскерінің елден кетуі де жауабын талай іздейтін сұрақтар болып қала бермек.

Ка Мырза

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478