Қарашөкеев: Қазақстанда 178,3 мың гектар егіс жойылған
Қазақстанда 178,3 мың гектарда немесе 1,1%-ында егістік жерлер жойылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
«13,2 млн гектарда немесе дәнді дақылдардың жалпы егіс көлемінің 85,2%-ында жақсы және қанағаттанарлық күйде; 2,1 млн гектарда немесе 13,7%-ында нашар күйде; 178,3 мың гектарда немесе 1,1%-ында егістер жойылған»,- деді Қарашөкеев.
Оның айтуынша, егістіктердің нашарлау тенденциясы бүкіл әлемнің астық егетін көптеген елдеріне әсер еткен.
«Мәселен, Канадада бидайдың жалпы түсімі өткен жылмен салыстырғанда 31,6%-ға, Америка Құрама Штаттарында 4,4%-ға, көршілес Ресей Федерациясында 15%-ға төмендеуі болжануда»,- дейді м.м.а.
Қарашөкеевтің айтуынша, биыл астықтың жалпы жиналымының болжамды көлемі 15,3 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Бұдан басқа, республикада 3,5 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы бар.
Abai.kz