Сенбі, 23 Қараша 2024
Алыстағы бауырым 4013 9 пікір 18 Тамыз, 2021 сағат 19:23

СІМ: Ауған қазақтарымен байланыстамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауғандағы этникалық қазақтарға көмек көрсетуді тапсырыпты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеген.

«Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтініштеріне байланысты президент Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды», - деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілінің айтуынша, қазір ауған жерінде 200-ге тарта этникалық қазақ тұрады екен. Ал соңғы күндері Ауғанстандағы Қазақстан елшілігіне келіп, өздерін қазақпыз деп таныстыратындардың саны көбейіп кеткенін айтыпты.

«Бізде бар мәліметтерге сәйкес, Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрады. Нақтырақ айтсақ, 200-ге жуық этникалық қазақ. Кейбір БАҚ Ауғанстанда бірнеше мың этникалық қазақтардың тұратыны туралы тексерілмеген ақпарат таратты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты ақпаратты мұқият қайта тексеруді және қажетсіз дүрліктірмеуді сұраймыз. Біз тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз және Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз», - дейді Смадияров.

Осыған дейін, «Азаттық» сайты Ауғанстандағы этникалық қазақпен сұхбат жасаған. Онда спикер: «Ауғанстанда тәліптердің қолында қалдық. Құндызда он бестей ғана қазақ отбасы бар. Бәріміз үрейленіп отырмыз. Өзбекше сөйлейміз, қазақ тілін ұмыттық. Тәліптер ұрады, соғады. «Қазақ болсаң Ауғанстаннан кет. Бұл жерде не шаруаң бар», - дейді. Ауғанстанда қымбатшылық. Күнімізді әрең көріп отырмыз», - деп, Қазақстан үкіметінен көмек сұраған.

Онымен қоса, әлеуметтік желіде Қазақстан Үкіметінен көмек сұрап, Ауғанстаннан шығарып алуды өтінген бірнеше адамның бейне жазбасы тарады. Солардың бірі міне:

Ал бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі ауған жерінен 42 адамды эвакуациялап әкелгенін мәлімдеді. Министрліктің әскери-көлік ұшағы Алматыға бүгін 17:00-де келіп қонған. Жалпы саны – 42 адам. Оның 25-і Қазақстан азаматтары. 15 ересек адам және 10 бала мен ҚР Елшілігінің қызметкерлері.

Бұған дейін Қырғызстан ауғандағы 15 қырғыз азаматын эвакуациялауға көмек сұраған. Қырғыз тарапының өтініші бойынша 14 адам, одан бөлек, тағы бір Ресей азаматы мен бір Литва азаматы да ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшағымен АИР аумағынан шыққан.

Айта кетейік, 15 тамызда «Талибан» содырлары (Қазақстанда Жоғарғы Соттың шешімі бойынша қозғалысқа тыйым салынған) Кабулға кіріп, елде билікті өз қолына алғанын жариялады. Үкіметтің бір бөлігі мен президент Ашраф Ғани Ауғанстаннан кетті.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435